Жидебайдағы жылқышы Жұмағұл

9509

Жалғыздық Жаратқанға жарасқан
Жидебайдағы жылқышы Жұмағұл Жұбанұлы Жандарбек жаздың жанға жайлы жылысында жылқыларын жайлауда жаяды. Жайдақ жерге жылқы жайылмайды. Жұмағұлдың жайлауласы – Жандос жылқыларын жапсарлас жайластырды. Жайлаудың жері – жәннаттай жанға жайлы. Жазғытұры жылқышылар жайлауға жата жабысты. Жұмағұлды, Жандосты жамандаған жансыздар, жадыгөйлер жағы жағына жұқпады, жала жапты, жан-жақтап жанжалдасты. Жасаған жап-жасыл жерді Жұмағұлға, Жандосқа жаратыпты.
Жалпы, Жұмағұл Жұбанұлы – жүзі жарқын, жайма-шуақ, жайдары, жайсаң, жомарт жан. Жұртқа жалынып-жалпайғанды, жалбарынғанды, жағынғанды, жағымпазданғанды жаратпайды.
Жалғыздық Жаратқанға жарасқан. Жұмағұлдың жалғызсырайтын жөні жоқ. Жабығып-жабырқамайды, жансебіл. Жан-жары Жазира Жолтайқызы – жап-жас, жарқылдаған, жайраңдаған, жайдарман жан. Жақсы-жайсаңдармен жылы жымиып жүреді. Жұмағұл – Жазира – жарасымды жұп және жақсылы-жаманды жақын-жарандары, жора-жолдастары, жегжат-жұрағаттары, жиен-жиеншарлары, жалпы жанашыр жамағаты жетеді.
Жұмағұл жиын-тойларда жентті, жаубүйректі, жеміс-жидекті, жүзімді, жүгерінi, жержаңғақты, жал-жаяны жалап-жұқтап жақсы жейді.
Жұмағұлды жазықсыздан-жазықсыз жазғыратын жаман-жәутік жайына жүрсін!
Жылқышының жанұясы жетістікке жайлы жүріп, жақсы жетсін!
Жұмағұл – Жазираның жарасымды жұбын Жаратушы желеп-жебеп, жарылқасын!

Ж-мен желімдеген Ермахан ШАЙХЫҰЛЫ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.