Жылқының көру-сезу қабілеті

10198

Жылқының көру, сезу, есту, үрку, қорқу қабілеті табиғи жаратылысына тән. Дәм сезу қабілеті басқа жануарлармен бірдей, бірақ көру, есту қабілеті ерекше дамыған.
koz● Көру қабілеті. Жылқының екі көзінің ара қашықтығы алыс болу себепті, айналасын толық көретіндей мүмкіндігі бар. Осы қасиетінің арқасында өзін-өзі қорғап қалу, келе жатқан жыртқыш аңды тез аңғару сияқты қабілетке ие. Жалпы жылқының көзінің қарасы көп дүниені аңғартады. Оның көзіне қарап шаршағанын, қорыққанын, тіпті қуанғанын да аңғаруға болады. Сондай-ақ, жылқының ауру-сырқауын да көзі арқылы таниды. Мысалы, ауырған жылқының көзі кіртиіп тұрады немесе буалдырланады. Жылқы өз айналасын 340 градус бақылай алады.

kulak● Есту қабілеті. Жылқының есту қабілеті өте жақсы дамыған. Құлағының үнемі қозғалыста болуы дыбыс қабылдау, сезу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Яғни, жылқының құлақ қозғалысынан оның көңіл-күйін аңғара аласыз.

muryn● Иіс сезу қабілеті. Жылқының иіс сезу мүмкіндігі өте жоғары деңгейде дамыған. Оның желбезекті кең танауы бір емес, бірнеше иісті қатар сезеді. Жылқы иесінің ішкі түйсігін (көңіл ауанын, алаңдауын, жайбарақаттығын, т.б.) иісі арқылы айыра алады. Егер мініп жүрген атыңыз үріксе, жүруден тартынса, қашса, онда жайсыз иіс сезінгені. Жалпы, жылқы малы иістенген, ескірген жем-шөпті жемейді.

auyz

● Дәм сезу қабілеті. Жылқы өте талғампаз мал. Шөптің дәмін жақсы айырады. Әсіресе, текті мініс жылқыларының дәм сезу қабілеті басқаларға қарағанда жақсы дамыған.

● Сезімтал қабілеті. Жылқы денесіне батқан (ауыртқан) затты өте жедел аңғарады. Сол сияқты ұрысқанды, ренжігенді немесе мақтағанды да сезіп тұрады. Терісі жұқа жылқы өте сезімтал келетіндіктен, оны ат спортына үйретуде біршама жеңіл.
● Сенімділік қабілеті. Жылқы иесі қаншалық сенімді болса, аты да соншалық өзіне сенімді болады. Жылқы мен иесі арасында орнаған нық сенімділік көп нәтижеге қол жеткізеді. Қазақтың эпостық жырларында батырлар тығырыққа тірелген тұста мініп жүрген тұлпарына сенім артып, қиындықтан құтылатын сәттер көп кездеседі.

Beken K.Бекен Қайратұлы, «Қазақтың атбегілік өнері» кітабынан

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.