Ұлттық спорттан IV республикалық фестивальдің бағдарламасы

Қызылорда қаласында 14-20 қазан аралығында ұлттық спорт түрлерінен 4-ші республикалық фестиваль басталады.
Фестиваль спорттың 13 түрінен өтеді.
Ұлттық спорт ойындарының өтетін орны мен бағдарламасы төмендегідей:
ҚАЗАҚ КҮРЕСІ, ЖЕКПЕ-ЖЕК – “ЕВРАЗИЯ” СПОРТ КЕШЕНІНДЕ
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ – “МҰЗ АЙДЫНЫ” СПОРТ КЕШЕНІНДЕ
АСЫҚ АТУ – “НҰРСӘТ” ТЕННИС ОРТАЛЫҒЫНДА
КӨКПАР, ТЕҢГЕ ІЛУ, АУДАРЫСПАҚ, ҚҰНАН БӘЙГЕ (7 ШАҚ-М), АЛАМАН БӘЙГЕ (25 ШАҚ-М), БӘЙГЕ (16 ШАҚ-М), ҚЫЗ ҚУУ, ЖАМБЫ АТУ ЖӘНЕ ҚҰСБЕГІЛІК – ИППОДРОМДА.
“КЕРЕМЕТ СӘЙГҮЛІК” СҰЛУ АТТАР БАЙҚАУЫ – ИППОДРОМДА,
“СӘНДІ КИІЗ ҮЙЛЕР” БАЙҚАУЫ – ОРТАЛЫҚ АЛАҢДА БОЛАДЫ.
ФЕСТИВАЛЬДІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ 16 ҚАЗАН САҒ: 17.00-ДЕ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНДА.
Сайыскерлерге сәттілік!