Ақтөбеде иппотерапия дамып келеді (видео)

4510

Ақтөбеде иппотерапия әдісімен ем алу мүгедек балалардың қай-қайсысы үшін де қолжетімді.

Бұл бастаманы сал ауруына шалдыққан науқастардың ата-аналары қолға алып отыр. Олар спорт мектебінің жаттықтырушыларымен бірге Өскемен қаласында арнайы оқу семинарынан өтіп, енді ақтөбелік балғындарды оңалтумен шұғылданып жүр. Бес жасар Жанерке бүгінде ер үстінде еркін отыра алады. Сырт көзге бүлдіршіннің сал ауруына шалдыққаны байқалмайды. Дәрігерлер оған қатерлі диагнозды үш жасында қойыпты. Тіпті ем қонуы неғайбыл деген қауіп те айтқан. Әйтсе де, атқа мінгеннің пайдасы анық сезіліп келеді.

Бибігүл Сақаева, сал ауруына шалдыққан баланың анасы:

— Менің қызым осы спорт мектебіне қыстан бері келіп жатыр. Бірталай өзгерістер бар, жақсы. Шпагатқа отыра алады. Атқа мінем десе қуанады, атқа мінгенді жақсы көреді. Гиперкинез біздің диагнозымыз. Қазір жойылып келеді.

Қазір мұнда 12 бала ем алып жатыр. Оның сыртында 120 науқас кезекте тұр. Жалпы облыста сал ауруымен ауыратын 600-ден астам балғын тіркелген.

Шыңғыс Ержанов, жаттықтырушы:

— Мен қаңтар айында Өскеменге барып оқып келдім. Осы балалармен жұмыс істеп жатырмыз. Балалар жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Оларға ұнап жатыр. Кейбір балалар жетіліп келеді.

Жаттықтырушылар алғашында Өскемен қаласында арнайы оқудан өтті. Енді екі маман Мәскеуде білімін жетілдірмек. Мұндай мүмкіндік бірінші рет туып тұр. Сондай-ақ, «Нұр-Ақтөбе» ауданында спорт кешенінің құрылысын жүргізуге жер телімі беріледі. Онда мүмкіндігі шектеулі балалар үшін иппотерапиямен шұғылдануға арналған қолайлы нысан салынатын болады.

24.кз арнасы

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.