Шығысқа барсаң Қатонқарғайдың қымызынан ауыз тимей кетпейсің (видео)

4409

Шығыс Қазақстанда сапалы қымыз туристерді тартудың табысты көзіне айналды. Мәселен Қатонқарағай ауданындағы Дәуітхановтар отбасы 12 жыл бойы осы кәсіппен айналысып келеді.

Бүгінде олар сауып отырған қымызды өңір-өңірден іздеп келіп ішетіндер жетерлік. Ал тапсырыс беретіндер тіптен көп. Сондықтан шаруақор жанұя мемлекеттік бағдарлама бойынша жеңілдетілген несие алып, сауын мал басын көбейтіпті. Қазір кәсіптері өрге басып, сатып отырған сусындары нағыз брендке айналған, танасы Арайлым Жельменованың күнделікті кәсібі осы. Пісіп отырған қымызының тіл үйрердей дәмді болуы үшін бүкіл жанын салады. Ол еңбегі еш кетіп те жатқан жоқ. Бүгінде отағасы Қайнар екеуін бүкіл аудан таниды. Тіпті қайнар қымыз керек деп, ат арылтып іздеп келетіндерді көргенде төбелері көкке жеткендей болады.

— Қарағай, Балқарағай арасында мынадай әртүрлі шөп өсетін жерде қымыз дәмі өте ерекше, балдай қымызымыз. 12 жыл болды сауып отырғанымызға. Қымызымыз атақты. Қайнар қымызы деп жұртшылық іздеп еледі, — дейді ферма жетекшісі Арайлым Желменова.

Сапасын төмендетпеу үшін сауын биелер таудағы қалған биелермен алмастырылып тұрады. Арайлым тіпті дәстүрлі сусынды қысқа сақтаудың да әдісін мықты меңгерген. Сондықтан бұл шаңырақта қысы-жазы қымыз үзілмейді. Осыған сай туристер де жиі ат басын бұрады. Турист Талғат Әлихановтың айтуынша, Алтайдың бөктерінде жүрген биенің қымызы ерекше. Бастапқыда бес биемен іс бастаған фермада қазір 100 жылқы бар.

Айта кеткен жөн, өткен жылы Қатонқарағай ауданындағы қымыз шаруашылығын қолдау үшін 72 миллион теңге бөлінген екен.

24.kz.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.