Жылқы малының неге құрбандыққа шалынбайтынын білесіз бе?

9849
islam.kz сайтына Жеңісбекесімді оқырман сауал жолдапты. Онда; “Әссәләмуғалейкум, айттарыңызбен! Сұрайын дегенім: неге осы құрбан айтта жылқы малы құрбандыққа шалынбайды? Толығырақ түсіндіріп өтсеңіз! Алла разы болсын. Жеңісбек Байтабынов” – делінген. Назарларыңызға осы сауалдың жауабын ұсынып отырмыз. Баршаңызға алда келе жатқан Құрбан айт қабыл болсын!

Уағалейкумассалам! Жылқы малының құрбандыққа шалынбауының басты себебі – Алла тағаланың Құранда айтылған мына бұйрығы:

 وَلِكُلِّ أُمَّةٍ جَعَلْنَا مَنسَكًا لِّيَذْكُرُوا اسْمَ اللَّهِ عَلَىٰ مَا رَزَقَهُم مِّن بَهِيمَةِ الْأَنْعَامِ ۗ فَإِلَـٰهُكُمْ إِلَـٰهٌ وَاحِدٌ فَلَهُ أَسْلِمُوا ۗ وَبَشِّرِ الْمُخْبِتِينَِ

«Біз әрбір үмбет үшін, өздеріне берген жануарлардан: түйе, сиыр, қой және ешкіден, Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Құдайларың – бір-ақ Құдай. Сондықтан Соған бой ұсыныңдар! (Мұхаммед!) Ықыластыларды қуандыр»[1]

Осы аяттың арапша түпнұсқасында «бәһимәтул әнъам – بَهِيمَةِ الْأَنْعَامِ» сөз тіркесі ашық-айқын айтылған. Арапшада «бәһимә» сөзі – жануар, мал деген мағынаны білдірсе, ондағы «әнъам» сөзі арапшада төрт мал түрін қамтиды. Олар: түйе, сиыр және қой, ешкі[2].  Бұл дегеніміз, аятта бекітілген малдардан өзге, жылқы, тауық, қаз, үйрек т.б. хайуандар – құрбандыққа жарамсыз деген сөз дейді ғалымдар. Мұнда мәзхаб ғұламалары арасында талас жоқ.

Өйткені құрбандық шалу – намаз, зекет іспетті, Аллаға құлшылық етудің бір түрі.  Ал құлшылыққа қатысты үкімдер көбіне аят және хадиспен бекітіледі. Аятта білдірілген үкім егер ешбір болжамды керек еттірмейтіндей ашық-анық келген болса, бұлжытпай сөзбе-сөз орындалуы тиіс. Одан артық немесе кем ешкім үкім баян етуіне құқы жоқ. Жылқы малының құрбандыққа шалынбауының төркіні осында жатыр.  Ең дұрысы – Аллаға мәлім.

[1] Хаж – 34 аят.
[2] Тәфсируль Бәғауи: суратуль хадж -34 аят тәпсірі.

Kurbandyk

islam.kz

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.
holiganbet7746bahis sitelerien iyi bahis siteleri yasaldeneme bonusujojobet girişgrandpashabet girişgrandpashabet güncel girişGrandpashabetgrandpashabet güncel girişgrandpashabetkumar sitelerikumar sitelerijojobetjojobet girişjojobetjojobet girişGrandpashabetGrandpashabetbahis sitelerigüvenilir bahis sitelerikahraman haberjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişgrandpashabetjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişjojobetjojobet girişgiftcardmall/mygiftextrabetextrabet