Ат күшін «ат күшімен» өлшеуге болмайды

8875

Бұл жолғы әңгімемізде жылқы малының ерекше қабылеттерінің бірі ауыр жүк сүйреу мен жүк көтеру қуатын әңгіме еткіміз келеді. Әрине, мұндайда жылқы ішіндегі «күш атасы» атанған ауыр жүк сүйрейтін тұқымды бірінші кезекте тілге тиек етеріміз белгілі.

Біздің оқырмандардың көбі «жылқының энергиялық қуатын «ат күшімен» есептегенде қанша болады?» деген сауалды жиі қояды. Шынымен аттың «ат күші» қанша болуы мүмкін? Біз осы туралы ғаламторды ақтарып көрдік.

Ескерте кетейік, бұл мәлметтер жуық шамамен алынды, яғни тура ғылыми түрде дәлелденген деп сенуге бола қоймас. Дегенмен, әлемдік энергиялық қуаттың өлшем бірлігі «ат күші» екенін де естен шығармаңыздар.

Әуелі аздап тарихи шегініс жасап көрейік.

Қазіргі кезде ауыр жүк таситын жылқылардың көшбасында Shire тұр (Shire – Англияның бір окурігінің құрметіне аталған жылқы тұқымы). Жылқы күшінің барлық мүмкіндігінде Shireді алдыңғы орыннан көресіз.

Мысалы мынау Shire деген шері:

shire-horses

(Фото Shire Horse Society сайтынан алынды)

Қазіргі кезде Shireлар – өз-өзімен қалыптасқан тұқым. Бұлардан басқа булон және арден жылқысы бар. Әрине, олар да мықты, бірақ әзірге Shireдің шаңына ілесіп келеді. Сонымен қатар «алыптар» қатарын брабансон, першерон, клейдесдаль мен ресейлік «владимирский», «советский» және орыс ауыр жүк сүйреуіші толықтырады.

Булон жылқысы:

bulonskaya-poroda

KoHuKu.ru

Арден жылқысы:

ardennaise

Википедия

Брабансон жылқысы:

1200px-belgians

Википедия

Першерон жылқысы:

0_9ccd7_30987e3f_orig

allpets1.com

Клейдесдаль жылқысы:

kieydistal

vseokone.ru

Владимирский жылқысы:

bladimir

Википедия

Советский жылқысы:

soviet_heavy_draft

Википедия

Орыс ауыр жүкке арналған жылқысы:

russkiy-tyazhelovoz-5

Википедия

«Алыптардың» барлығы асыл тұқымды буданның жемісі. Басында ешқандай жоба-жоспарсыз басталғанымен, кейіннен мақсатты тұқым алуға жалғасқан. Ал жылқының мұндай түрі шынайы жабайы табиғатта тиімсіз, тіпті мұндай «алыптарды» үнемі тамақпен қамтамасыз етіп отыруға табиғаттың өзі шыдас бермес еді. Көз алдыңыза елестетіп көріңізші Азияның құмды даласында не Еуропаның тундыраларында мынадай «дәулер» үшін қылтан шөп табудың өзі қиынға соғар еді. Ал сізге шынымен жабайы жылқыны көру қызық болса, онда зоопаркке барыңыз. Ол жерде Пржевальский жылқысы (керқұлан) деп аталатын нағыз тарпаң бар. Ол қазіргі қолға үйретілген жылқылардың осыдан 50 мың жыл бұрынғы атасы деп саналады. Өкінішке қарай, бұл азиялық жабай, еуропалық тарпаң жойылып барады.

Пржевальский жылқысы (керқұлан):

loshad-przhevalskogo

Shireлар ежелгі Еуропа рыцарларының жорық аттарының өзгеріске ұшырауы негізінде дүниеге келген. Нақтырақ айтар болсақ эльфтердің көлігі болған еді. Күнделікті тіршілікте рыцарьлар да қарапайым жылқыларды қолданды, ал жауынгерлік атқа әскери жағдайда ғана мінетін болған. Әрине, ол кезде бұл аттар әлі де нақты қалыптасқан тұқым емес еді. Кез келген жылқы тұқымында күштің, салмақтың, мінез-құлықтың өзгеріске ұшырауы – дамуы немесе жойылуы ұзақ уақытты талап ететін құбылыс. Сол кезде де мұндай «алыптар» арзан бағаланған жоқ. Мысалы, қарапайым мініс аттардың құны 12 фунт болса, бұлардың бағасы 40-тан 300 фунтқа дейін жетті. Тіпті батальон командирлерінің аттары 600 фунтқа дейін жеткен кезі болған. Бұл баға 1320 жылдардағы көрсеткіш.

Мұндай «алып» аттарды дүниеге әкеліп, оны тек қана ерекше тапсырмаларға қолданып, күнделікті тіршілікте пайдаланбау – Еуропада ғана ойлап табылған ноу-хау. Ал әлемнің басқа түкпірінде мұндай жылқы күшін пайдалану дәстүрде жоқ, тіпті оларға мұндай қажеттілік болмаған да секілді.

Өзгеріске ұшыраушы «алыптар» уақыттың көп бөлігін бекер өткізеді деуге болады, жалпы олар «аяқ асытан айғай шығып, мен дайын болмай қаламын ба?» деген оймен жүретін секілді.

Жауынгер шайқас алдында қаругерлердің көмегімен атына атсауытын кигізіп, өзі де бес қаруын асынып, ат үстінде тұрады.

bavarian

Русская семерка

Шайқас кезінде мұндай аттардың да өзіндік міндеті болады. Ол – үстіндегі 100-150 келі салмақтағы сарбазды көтеріп жылдам шабу, ыңғайы келгенде қарсыласты соғып құлату, құлағандарды таптау және үстіндегі адамның тепе-теңдігін сақтауына мүмкіндік жасау. Шайқас кезінде ол артқа барып, қайтадан екі-үш рет осылай жасауы керек. Мұнан кейін мұндай «дәулерге» жақсы тынығып алу керек.

Ал енді ат күшіне келейік.

at-kushi-2timeline.com

Егер жеңілдетілген болса, 1 «ат күші» — 735,499 Вт (≈0,735 кВт)-қа тең. Ал ауыр болса, 1 ат күші — 735,49875 Вт, яғни стандартты түрде 75 кг·м/с. «Ат күші» ұғымына байланысты толығырақ мына жерден оқуға болады.

Алайда бұл бір сәттік қана көрсеткіш. Ал 8 сағаттық жұмыс стандартымен есептегенде аттың табиғи қуаттылығы төмендей береді. Себебі ол техника емес. Тіпті 8 сағаттық ауыр жұмыстан кейін бір аттың қуаттық өнімділігі 0,7 «ат күшіне» тең болып қалуы әбден мүмкін.

Сондықтан да аттың күшін «ат күшімен» есептеуге болмайды. Жалпы тірі жан иесінің энергетикалық қуаттылығын «ат күшімен» есептеу дұрыс емес.

Әрине, жан иесі болғандықтан оның көңіл-күйі, денсаулығы, демалысы барлығы да оның әліне, қуатына әсер етпей қоймайды. Ал жақсы демалған, жемге тойған бір жылқы мөлшермен 1000 кг/с (сегіз сағатта 75 кг/с көрсеткішімен) күш жұмсай алады, яғни «ат күшімен» өлшейтін болсақ – сағатына 10 кВт (0,735 кВт «ат күші»).

Әрине, біздің айтып отырғанымыз 500 кг салмақтағы қарапайым жылқылардың сүйреу күші жайлы. Ал біздің әңгімемізге арқау болып отырған «алыптар» жайлы тұжырым сәл басқаша. Әрине бұлар қарапайым жылқылардан қарағанда әлдеқайда мүмкіндігі жоғары екені айтпаса да түсінікті. Салмағының өзі 1-1,5 тоннаға дейін жетеді. Мысалы Shireлар қарапайым жылқыдан үш есе ауыр, және олар табиғатпен үйлесімді түрде жетіледі. Бұл – мәстекті семірту емес, керісінше қарапайым жылқы мен бұла бұлшындарды, күшті, мықтылықты шынықтыру деген сөз. Демек шығынды да, кірісті де, күшті де бір жылқы арқылы үш еселеу.

Ал жоғарыда айтқанымыздай, жақсы демалған, дені сау, күші толысқан Shireлар 30, тіпті 40 аттың күшін бір өзі атқара алатынын байқауға болады.

Дегенмен тағы да қайталап айтамын, Уатт қаншама «ат күші» қуат өлшемі десе де, жанды организмнің қуатын «ат күшімен» өлшеуге мүлде болмайды. Бұл тек қызық үшін, әзіл үшін ғана жасалатын өлшем деп қабылдау керек.

Аударған Ержан Жаубай, argymaq.kz

Басты фото: m-yap.ru

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.