Ел чемпионаты. В тобынан «Нарын» үздік шықты

3102

В тобының соңғы ойынында Атырау облысының «Нарын» командасы мен Қызылорда облысының құрамалары кездесті.

Екі команда В тобының үздігі атануы үшін ойын өткізді. Алғашқы айналымнан-ақ атыраулықтар алаңда атой салды. Көкпар ойынының мықты майталмандары екенін танытқан «Нарынның» нар жігіттері есепті 5:1-мен аяқтады.

10 минуттық үзілістен соң ортаға қайта оралған қос команда тартысты ойын көрсетті. «Нарынның» жігіттері әп-сәтте ойын тағдырын шешті. Есеп – 9:3.

Атырау облысы «Нарын» командасы, команда капитаны – Қанат Абылбеков, жетекшісі – Аслан Жанбалаев.

Қызылорда облысы құрамасы, команда капитаны – Қанат Абылбеков, жетекшісі – Ғ.Махатаев, жаттықтырушысы – С.Боранбаев

Салым салғандар:

Қызылорда облысының құрамасы: Қанат Абылбеков – 1 салым, Нұрлан Жүсіпов – 1 салым, Наурызқожа Әмзиев – 1 салым.

«Нарын» командасы: Ынтымақ Әліпбаев – 1 салым, Айбек Болатов – 2 салым, Қайыржан Сүлейменов – 1 салым, Алмат Жүнісов – 1 салым, Александр Пупенко – 2 салым, Жасұлан Айтбай – 2 салым.

Айта кетейік, бұған дейін А тобынан Түркістан облысының “Құлагер”, D тобынан Ақмола облысының “Жекебатыр” командасы үздік шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының ересектер арасында көкпардан – ХІХ, аударыспақтан – ХІХ, теңге ілуден – ХІІІ, жамбы атудан –V чемпионаты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өтіп жатыр. Чемпионаттың бас демеушісі «Самұрық-Қазына» АҚ Ұлттық әл-аухат қоры.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

buy windows 11 pro test ediyorum

casibomcasibomcasibomholiganbetcasibomcasibom girişjojobetsahabetcasibomcasibommarsbahiscasibomgrandpashabetonwinvaycasino