«Ер қанаты». Жаңа жоба қолға алынды (ВИДЕО)

4532

Жылқының отаны болған Қазақ даласында атқа міну мәдениетін дамыту мақсатында тағы бір жақсы жоба қолға алынды.

Жобаның мақсаты – ұлттық кодты сақтау. Әрі еліміздегі атқұмар жастардың қызығушылығын оятып, қазіргі таңда елге сыйлы, танымал азаматтармен сұқбат өрбіту. Жоба енді ғана қолға алынып жатыр. Басында «Ер қанаты – ат» деп атағанбыз жобаны. Артынан шығармашылық топпен ақылдаса келе, «Ер қанаты» деп қалтыруды ұйғардық. Себебі, бұл жерде жылқыдан басқа да түрлі салаға қатысты мәселелер айтылады – дейді жоба жетекшісі Әділ Орынбасарұлы.

Ұлттық танымдық бағдарлама негізінде жүрілетін жоба негізінен ютуб желісін қолданушыларға арналған. Ешқандай телеарнадан берілмесе де, кез келген адамға қолжетімді болатынын сөзсіз.

Жобаның артықшылығы – әр салада жүрген еліміздің танымал тұлғалары қатысады. Және атқа міну мәдениетін дәріптеу мақсатында ат үстінде сұхбаттасып, ой-пікір алмасу. Сонымен қатар, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру – дейді Әділ Орынбасарұлы.

Төменде жобаның алғашқы қонақтары ҚР Парламент депутаты, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан мен белгілі әнші Досымжан Таңатардың сұқбатын тамашалаңыздар.

Әріптестеріміздің жақсы жобасына сәттілік тілейміз!

 

Argymaq.kz

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.
holiganbetjojobetgrandpashabetcasibomcasibomcasibomcasibomjojobetholiganbetholiganbetmarsbahismarsbahisPusulabetjojobetescort damesjojobetjojobet girişhuhubetMarsbahis GirişsekabetjojobetCasibomcasibom girişbetgarantijojobetjojobetjojobet girişsekabetmarsbahismarsbahis girişjojobet girişjojobet girişJojobetMarsbahis