Қазіргі жылқы тұқымдарының шығу тегі анықталды
Қазіргі морфологиялық типтегі жылқылар б.з.д. 2200 жылға дейін Понт-Каспий даласы мен Солтүстік Кавказ аймағында мекендеген. Кейінгі уақытта олар Азия мен Еуропаға таралды. Зерттеу 2021 жылдың 20 қазанында Nature журналында жарияланды.
Мұндай тұжырымдарды палеогенетик Людовик Орландо бастаған 162 ғалымның халықаралық тобы жасады. Ежелгі жылқылардың 273 геномын жүйелеу және салыстыру нәтижесінде бүкіл Еуразияда қазіргі заманғы жылқылар Понт-Каспий даласы мен Солтүстік Кавказ аймағында бағылып, содан кейін бірнеше ғасырлар бойы Еуразияның қалған бөліктеріне таралғаны анықталды.
Бірнеше жыл бұрын Людовик Орландо командасы Солтүстік және Солтүстік-Шығыс Қазақстанда 5500 жыл бұрын болған Ботай және Борлы-4 қоныстарынан ежелгі үй жылқысының қалдықтарын зерттеді. Алайда, сол кезде алынған ДНҚ нәтижелері қазіргі жылқылардың ботай типті жылқылардан шыққанын анықтауға мүмкіндік бермеді.
Анадолы, Сібір және Пиреней түбегі Азия даласынан басқа, қоныс аудару ошағы ретінде қарастырылды, бірақ бұл гипотезалар расталмады. Сондықтан ғалымдар іздеу аймағын кеңейтуге шешім қабылдап, бүкіл Еуразияны зерттеуге енгізді. Жалпы алғанда б.з.д. 50 000-200 жылдар аралығында өмір сүрген 273 жылқының геномдары талданды. Нәтижесінде тас дәуірінде және ерте қола дәуірінде Еуразияда генетикалық жағынан әр түрлі жылқы популяциялары мекендегені анықталды. Алайда, б.з.д. 2200-2000 жылдар аралығында түбегейлі өзгерістер болды. Бұрын тек Понтий далаларында болған генетикалық популяция өзінің туған аймағынан тыс жерлерге тез таралып, Атлантикадан Моңғолияға дейін бірнеше ғасырлар бойы жабайы жылқылардың барлық басқа популяциясын ығыстырды.
Ғалымдар «жаңа» жылқылардың геномдары мен олардың орнына келген популяциялар арасында екі ерекше айырмашылықты тапты. Біріншісі адамгершілікке бейім мінез-құлықпен байланысты болса, екіншісі омыртқаның мықты екенін көрсетеді. Зерттеушілер бұл сипаттамалар біздің эрамызға дейінгі ІІІ-ІІ мыңжылдықтардың аяғында Еуразияда үнді-европалықтардың келесі жаһандық көші-қон толқыны кезінде осы жануарлардың таралуын және доңғалақты тасымалдауды қамтамасыз ететін маңызды факторларға айналды деп болжайды. Шамамен б.з.д. IV-III мыңжылдықтың ортасында Еуразия даласындағы бұрынғы үнді-еуропалық популяциялардың көші-қон толқындары (шұңқырлы мәдени дәстүр мен постъям популяциясының тасымалдаушылары) қазіргі заманғы жылқыларға негізделе алмады, өйткені оның қоныстануы мен таралуы кейінірек пайда болды. Зерттеу адамдардың көші-қонын және өткен этномәдени процестерді зерттеуде пәнаралық тәсіл мен жануарлар тарихын енгізудің маңыздылығын көрсетеді.
Бұл зерттеу Тулуза антропобиология және геномика орталығы (CNRS / Université Toulouse III — Paul Sabatier) Genoscope (CNRS / CEA / Université d ‘ Evry); Француз археология және ежелгі ғылымдар зертханалары (CNRS / Париж университеті 1 Сорбонна пантеоны / Париж Нантер университеті / Мәдениет министрлігі); Тарихқа дейінгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін: мәдениет, қоршаған орта және антропология (CNRS / Бордо университеті / Мәдениет министрлігі) және археозоология, қоғамның археоботаникасы, практика және қоршаған орта (CNRS / Mnhn) көмегімен жүргізілді.
Зерттеуге әлемнің тағы 114 ғылыми-зерттеу ұйымдары үлкен үлес қосты. Олардың ішінде 5-еуі Қазақстаннан:
С.Торайғыров университеті, Павлодар қ. (В.К. Мерц, И.В. Мерц),
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ. (В.Ф. Зайберт, Р.С. Жұматаев, А.Т. Төлеубаев),
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университеті, Қостанай қ. (И.В. Шевнина, А.В. Логвин),
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ. (В.Г. Ломан, И.А. Кукушкин, В.В. Варфоломеев, Э.Р. Усманова),
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Нұр-Сұлтан қ. (С.К. Сәкенов).
Зерттеу жұмыстарын негізінен еуропалық зерттеу кеңесі (Pegasus жобасы) және France Genomique (Bucéphale жобасы) қаржыландырды.
Орысшадан аударған Гүлжан Раманқұлова
Басты фото: Мақсат Шағырбаев