Тоқаев Адай жылқысын асыл тұқымды жылқы ретінде дамытуды тапсырды

2987

Бүгін Маңғыстау облысы халқымен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Адай жылқысының мәселесін қозғады.

Халқымыз үшін жылқының орны қашанда ерекше. Қазақ Адай жылқысын Маңғыстаудың бірегей байлығы деуге болады. Бұл арғымақтар шөлге ерекше шыдамды, алыс жолға төзімді екенін бәрі біледі. Маңғыстау тұлпарлары алысқа шабатын халықаралық марафон жарыстарында әрдайым бәйге алып жүр. Жақында өткен «Ұлы дала жорығында» облыс шабандоздары жеке-дара озып келді — деді Мемлекет басшысы.

Ол сонымен қатар Адай жылқысының кереметін әлемге таныту жайлы айтты.

Қазақ Адай жылқысын әлемге таныта алсақ, бұл біздің тағы бір тамаша брендімізге айналады. Сондықтан, Үкіметке оны ғылыми түрде асыл тұқымды мал ретінде тану және көбейту үшін тиісті жұмыстарды жедел қолға алуды тапсырамын — деді Президент.

Argymaq.kz

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.