Ел чемпионаты. «Әулиеата» биыл да үздік (ФОТО)

1659

Тараз қаласында көкпардан XXII ел чемпионаты аяқталды.

Еліміздің 15 өңірінен 171 шабандоз қатысқан сында “Әулиеата” командасы чемпион атанды.

Осылайша алаң иелері 13 дүркін Қазақстан чемпионы болды.

Адал еңбектің жемісі ойын барысында көрініп-ақ тұр.

Сондай-ақ, Қостанай көкпарының қарыштап дамығанын байқадық. Бұған дейін аталған облыстың командасы финалға шығып көрмеген. Қыркүйекте өткен ұлттық спорт фестивалінде 3-орын иеленген қостанайлықтар Таразда жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Ал Түркістан облысының командасы үшінші орын үшін болған ойында Қызылорда шабандоздарынан басым түсіп, үздік үштікті түйіндеді.

Көкпар федерациясының тарапынан жеңімпаз командаға 3 000 000, ІІ орынға 2 000 000, ІІІ орын үшін 1 000 000 теңге жүлде табысталды.

Чемпионат 10 күн өтті. Әуелі мандаттық комиссия отырысы болды. Командалардың құжаттарын қабылдап, барлық спортшы тексеруден өткізілді. Нәтижесінде 171 спортшы жарысқа қатысуға мүмкіндік алды. 9 спортшының өтініші регламентке сай келмегендіктен жарысқа қатыстырылған жоқ.

БҚО, Абай, Алматы қаласы, ШҚО, Ақмола облысының командалары чемпионатқа мүлде келген жоқ.

15 команда жарыстың алғашқы күндері топтық кезеңде өнер көрсетті. 4 топтың үздіктері тиісінше жартылай финалға жолдама алды. Қызылорда мен Қостанай облысы финалдың жолдамасын бірінші сарапқа салса, Әулиеата мен Түркістан облысының жігіттері екінші жолдамаға таласты.

Нәтижесінде Қостанай қызылордалықтарды ұтып, Жамбыл жігіттері Түркістаннан айласын асырып, финалдық сында жолықты. Жарыс нәтижесі бойынша бәсі жоғары болған командалардың ішінен іріктелген шабандоз бен аттар ұлттық құрама сапына қосылады.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.