Министр: ДКО-да ел құрамасы жоғары нәтиже көрсетуі керек

273

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген Алқа мәжілісі өтіп жатыр.

Осы жылдың маңызды оқиғаларының бірі – елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және өткізу. Байрақты бәсекенің саламатты өмір салтын дәріптеудегі, бауырластық байланыстарды арттырудағы маңызын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мәлімдеген болатын. «Спорт – бейбітшілік елшісі» деген сөз бар. Бұл спорт арқылы ортақ құндылықтарды қалыптастыру, халықтарды жақындастыру ұстанымы дәріптеледі – дейді Туризм және спорт министр Ермек Маржықпаев.

Астанада байрағын көтерер Көшпенділер ойындарына әлемнің 100-ден астам елінен делегация қатысады деп жоспарланған.

ДКО кезінде спорттық ойындармен бірге мәдени және ғылыми бағдарлама да кеңінен ұсынылады. Ат жалында азамат болып ер жеткен қазақ халқы ежелден спортқа бейім. Сондықтан еліміз құрамасы айбынды өнер көрсетуі үшін бар жағдайды жасауымыз қажет. Өңірлердегі дене шынықтыру және спорт басқармалары басшыларын ұлттық спорт түрлерін дамыту бойынша жұмысты жандандыруды сұраймын, — деді Ермек Маржықпаев.

Отырыс барысында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция жетекшісінің орынбасары Абылай Қондыбаев баяндама жасады.

Біз барлық дайындық жұмыстарын 3 кезеңге бөлдік. І кезең – өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін болған. ІІ кезең – биылғы 1 қаңтардан 15 тамызға дейін, ІІІ кезең 15 тамыздан 15 қарашаға дейін ойындарды өткізу және ойындардың мұрағат бағдарламасы деп аталады. Спорттық нысандарды және басқа да инфрақұрылымды дайындау, ойындардың материалдық-техникалық базасын қалыптастыру, ұлттық құраманы жасақтау және даярлау, брендін ілгерілету т.с. жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр – деді Абылай Қанатұлы.

Еліміздің басты оқиғаларының бірі – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 205 күн қалды. Шара аясында «Көшпенді халық тарих, таным, тағылым» атты ғылыми-практикалық конференция  өтеді. Аталған шаралардың жұмыс жоспары тиісті мемлекеттік мекемелермен келісілген.

22 наурызда «Ойындардың басталуына 170 күн қалды» кері санақ тақтасын салтанатты түрде іске қосу жоспары бар. Еріктілер пулын қалыптастыру жұмыстары да нәтижелі атқарылып жатыр. Кесте бойынша Астанадағы жетекші жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесулер ұйымдастырыды.

Естеріңізге сала кетейік, биыл 8-14 қыркүйек аралығында Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

Айтпақшы, кеше Ермек Маржықбаев V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі дирекция басшsлығымен жиын өткізіп, аталған іс-шараға дайындық барысы туралы баяндамаларын тыңдады.

Жиында дирекция өкілдері қазіргі уақытта талқылау кезеңі жүріп жатқан спортшылардың керек-жарақтары, естелік бұйымдар және медаль үлгілері туралы баяндама жасап, жөндеу жұмыстары жүріп жатқан спорт кешендерінің қазіргі жағдайы туралы айтып берді. Cонымен қатар, Халықаралық ғылыми-практикалық конференция тұжырымдамасының жобасы таныстырылды, оның жұмысы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп жүргізілді. Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу еліміз үшін маңызды іс-шара екенін айтып, жарысты жоғары деңгейде өткізуді тапсырған болатын. Осындай дүбірлі доданы өткізу арқылы еліміздің мәдениетін, салт-дәстүрін шетелдік қонақтарға таныстыра аламыз. Сондай-ақ осы Ойындар арқылы Қазақстанға шетелдік туристерді көптеп тартамыз — деп жазды министр өз парақшасында.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!