Елдегі жалғыз жылқы мұражайының жалғыз қызметкері (ВИДЕО)
Елде жылқыға арналған жалғыз мұражай бар. Ол – БҚО Қазталов ауданының Қошанкөл ауылында.
«Ер қанаты – ат» деген. Ауылда Қамбар атаның түлігіне деген қызығушылық артып келеді. Таза қанды жылқының тұқымдарын әкеліп, баптап, бәйгеге қосу, көкпар тарту, бие сауу да дәстүрге айналған.
Мұражайдың ғимараты шағын болып тұр. Ғимаратымыз кеңейсе, әлі де жәдігерлерді көбейтіп, халыққа насихаттасам деймін. Бұл – жай мұражай емес. Елдегі жалғыз жәдігер үйі. Сондықтан да бұл мұражайды ел таныса деген мақсатым бар – дейді елдегі жалғыз жылқы мұражайының жалғыз қызметкері Әзілхан Қайдаров.