Қымыз өндірісінің кластерлік жүйесін құру – мемлекеттік маңызды шара (ФОТО)

6715

Дүниежүзілік сауда ұйымындағы барлық 161 мемлекет үшін нағыз сынға түсетін нарық заманы басталды. Осы аты аталған ұйымдағы мемлекеттер қысқа мерзімнің ішінде бәсекеге төтеп беретін технологияларды тездетіп игеруге барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануда.

Әлемдік нарықтық экономикадағы ең маңызды шара кез-келген өндірістің кластерлік жүйесін құру. Ал кластерлік жүйе, бұл ұзақ мерзімді және қауымдастық жүйе. Бұл жүйенің басты ерекшелігі, біріншіден, бірнеше аймақтар мен мемлекеттер бірлесіп бір өндірісті әлемдік стандартқа сай дамыта алады. Екіншіден, осы қауымдастықтағы барлық тауар өндірушілер өндірістен түсетін пайданы тең бөліседі. Үшіншіден, кластерлік жүйеде экономикалық, ұлтаралық, әлеуметтік, құқықтық заңдылықтар экологиялық тұрақтылықпен бір арнада тоғысады.

Экологиялық тұрақтылық бар жерде табиғаттың тепе-теңдігі еш уақытта бұзылмайды. Сондықтан да белгілі бір өндірістің кластерлік жүйесін құру мемлекеттік шара болып саналады. Себебі, Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) негізгі мақсаттары, адамдардың экологиялық мәдениеттілігін осы заманға сай қалыптастыру және ғылыми жетістіктерге негізделген технологияларды өндіріске енгізу.

Әлемдік нарықтың заңы бойынша ұйымдағы барлық мемлекеттер өздерінің озық технологиясын ұсыну арқылы мемлекетінің мүддесін де, ұлттық құндылықтарын да сақтап қалуға аянып қалмасы анық.

ДСҰ-ның ең басты талабы ұсынылған технологиялар табиғаттың тепе-теңдігін сақтай алатын және өндірілген өнімдер экологиялық таза, экономикалық жағынан өте тиімді болу шартымен ерекшеленеді. ДСҰ-дағы мемлекеттерден қалыс қалмас үшін бізде өзіміздің ата кәсібіміз, ұлттық технологиямыз қымыз бен шұбат өндіру өнеркәсібімізді ұсынамыз.

Біздің технология, экологиялық тұрақтылықты қалыптастыруға да, адамдарды экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеуге де және азық-түлікті қамтамасыз етуге де өз үлесін қоса алатын мал шаруашылығындағы ең озық заманауи технология. Бұл технологиямыздың басты ерекшеліктері:

  • шетелдің мамандарын да, импорттық технологияны да, ішкі тауарларды да қажет етпейтін технология;
  • қымыз бен шұбат өндіру өнеркәсібі тек табиғатқа және білікті мамандарға тәуелді;
  • экологиялық таза тағам өндірумен экономикалық тиімділігі жағынан осы технологияға тең келетін бірде-бір мал шаруашылығында технология жоқ;
  • осы екі саланың өнімі сыртқы нарыққа шығарумен адамдарға қызмет көрсету (туризм) арқылы республикамыздың валюталық қорын арттыруға өз үлесін қоса алады;
  • бие сүтінен бөбектердің табиғи таза тағамын өндіруді жолға қоямыз;
  • тубдиспансерлер мен шипажайларды шипалы қымызбен қамтамасыз етеміз;
  • Қазақстандағы барлық облыстар мен аудан орталықтарынан адамдарды сауықтыру кешендерін және ұлттық ат спорты түрлерін аша аламыз;
  • Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың моноқалаларды дамыту стратегиясын қолдау мақсатында, өзіміздің отандастарымызды жоғарыдағы аталған қызметтерге орналастыру арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашамыз.

Осы отандық өндірісті шын мәнінде қолдау үшін, бізге қымыз бен шұбаттың кластерлік жүйесін қолдайтын арнайы заң қажет. Әйтпесе өзіміздің ұлттық құндылықтарды әлемдегі өркениетті елдердің алдында қорғай алмай қалуымыз әбден мүмкін.

Бұндай қателіктеріміз үшін бүгінгі де келер ұрпақтарымыз да бізді кешірмейді. Дүниежүзіндегі барлық ұлттар өздерінің ұлттық брендін әлемдік нарыққа шығару үшін қажетті қаржымен де, заңмен де қолдауды нақты жолға қойған.

Ал біздің ұлттық брендіміз қымыз, шұбат, жал-жая, қазы-қартамызды біздің бабаларымыз осыдан 55-60 ғасыр бұрын шығарып қойған. Сондықтан да, біз бабаларымыздың аманатын, ұлтымыздың болашағын барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көзіміздің қарашығындай сақтап қалуға міндеттіміз.

Суреттерде қымыз өндірудің өндірістік бағыттағы инновациялық технологиясының көрінісі.

1.120 сауын биеге арналған қондырғы

2.Биелерді сауу процессі

3.Қымыз жасау қондырғысы

4.Қымыз құйылған ыдысты жабуға арналған қондырғы

5.Бие сауатын ДДА-2М аппарат

6.Ыдыс жууға арналған қондырғы

7.Ыдыстарды қолмен жабатын жартылай автоматтандырылған, тәулігіне 1000 ыдысты жабуға мүмкіндігі бар құрал

8.Дайын өнім қымыз

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Методические указания – Определение экологического состояния объектов агропромышленного комплекса. Алматы, 1996
  2. Тезисы докладов Всесоюзного научного совещания – Современное состояние и перспективы развития научных исследований по коневодству. ВНИИК – 1989
  3. Биотехнология. Теория и практика №2, Астана — 2009г.

altai-zeinnullinЗейнуллин Алтай Сабитович

а.ш.ғ.к., «Экология және тіршілік қауіпсіздігі»

 кафедрасының аға оқытушысы ҚазИТЖУ

 Саукенова Молдир Максимовна

«Экология және тіршілік қауіпсіздігі»

кафедрасының аға оқытушысы ҚазИТЖУ

 Нургалиева Балсерке Муратовна

«Экология және тіршілік қауіпсіздігі»

 кафедрасының аға оқытушысы, магистр ҚазИТЖУ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.