Қазақ тілін білетін жылқы

6637

Ғабит Қарабас есімді фейзбук пайдаланушысының әңгімесі:
«Жақында ғана естіген әңгімем. Өткен ғасырдың аяғында Америкаға қыдырып барған кісілер айтыпты. Бір фазенданың жанынан өтіп бара жатқанда бір әдемі жылқыны көріп, қазақша әңгіме айтып тұрса, жаңағы жылқы елеңдеп, сол кісілерге жақын келіпті. Содан жылқының иесі бұл жерде неге жүрсіздер, ары барыңыздар дейді. Бұлар ұзап кетсе жаңағы жылқы жер тарпып, кісінеп әлгі қазақтардың артынан ұмтылады. Жылқы иесі, әлгі кісілерді тоқтатып, «Сіздер қайдан келдіңіздер, кімсіздер?» деп сұрайды. Бұлар өз жөндерін айтып, біз қазақпыз, Қазақстаннан келдік дейді. Ат иесі жүгіріп үйіне кіреді де, жылқының құжаттарын алып келеді. Сүйтсе бұл жылқы әйгілі Абсенттің тікелей ұрпағы болып шығады. Жаңағы жылқы қазақтың үнін естіп, тілін түсініп алаңдап тұрғаны екен. Жылқының иесі жаңағы қазақтарды қонақ етіп, жақсылап күтіп шығарып салған екен. Қазақтар кеткен кезде Қазақ даласынан Америкаға кеткен жаңағы жылқы көзінен жас сорғалап, үнсіз жылап қалған екен. Туған жердің қадірі деген осы шығар!»

Пы.Сы.Кейде ортамызда жүрген кейбір жандардың бойынан осы жылқы құрлы түйсік таба алмай қынжылатын кездеріміз болады.

Argymaq.kz (Сурет ғаламтордан алынды)

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.