Жылқы атасы — Қамбар

25120

Халықтың жылқы мен достасуы осы екінші кезеңде басталады. Жылқы алғаш күш көлігі болғаны мен келе келе қашса құтылатын, қуса жететін, яғни адамға қажетті жәрдемші ретінде пайдаланады. Қазақы ұғымда жылқының пірін Қамбар ата деп атайды. Қамбар ата туралы халық арасында әр-түрлі дерек бар, аңыздарда Қамбар ата есімі Мұхаммед с.ә.у. пайғамбардың күйеу баласы Әзірет Әлінің атбегі болған Ганбар есімді тарихи тұлғамен байланыстырылады. Біреулер Қамбар батыр жырының кейіпкері Қамбар батырды атайды, бірақ Қамбар батыр қалмақпен соғысты дейді олай болса Қамбар батыр 16-17-ғасырда өмір сүрген болып шығады. Мүмкін Қазақ халқы Түркілер қаумынан бөлініп хандық шаңырағын көтерген сәттен жылқы малының пірін Қамбар ата деп мойындау басталған шығар. Себебі Қамбар ата жылқының пірі болып Түркілер дәуірінде қолданған болса Түркі тектес халықтарда осылай  деп қабылдаған болар еді. Олай болса Қамбар батырдың жылқының пірі болуға толық құқы бар. Сайын далада ұшқан құспен, даланың бөкені, киігі мен жарысып өскен халық үшін атқа мініп жауға шапқан адамнан артық керемет болған емес. Сондықтан халық атқа мініп елін жаудан қорғаған ерін, жел жағына пана болған азаматын, ас-ауқатына себебші болып қарнын тойғызған әкесін пір тұтуы көңілге қонымды ғана емес қолайлы жағдай.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.