Елбасы кубогы «Үшқоңырға» бұйырды

3695

Алматы облысы Жамбыл ауданындағы «Көкбастау» ипподромында ҚР Ата заң күніне орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кубогы үшін ат спорты түрлерінен сайыс өтті.

Жарыс бағдарламасында: 25 шақырымға – аламан бәйге, 16 шақырымға – топ бәйге, 9 шақырымға – жорға жарысы, 11 шақырымға – құнан бәйге және 5 шақырымға тай жарысы өткізілді.

Сонымен қатар теңге ілу, қыз қуу, жамбы ату және аударыспақ ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер болды.

Бәйгенің барлық түріне жүлдеге автокөліктер мен ақшалай сыйлықтар берілді.

Осымен 21-ші жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен және­ көрші мемлекеттерден жалпы саны 200-ге жуық сүйгүлік қатысты.

Сонымен, 48 сәйгүлік сынға түскен 25 шақырымдық аламан бәйгеде:

1-орын – Алматы облысы Қарасай ауданынан келген «Үшқоңыр» есімді қарагер бестіге бұйырды. Шабандозы –Сабыржан Байғұрман, ат иесі – Әлинұр Назарбаев, бапкері – Мұрат Досбергенов («УАЗ Патриот» автокөлігі).

2-орын – Қырғызстан мемлекетінен келген үш жастағы «Зара» есімді жүйрік иеленді. Шабандозы – Олжас Абдыхамит, ат иесі – Тұрсыналы Мамбетайтов, бапкері – Керім Өмірәлиев («Нива» автокөлігі).

3 орын — Алматы қаласының «Қаракөз» атты үш жасар сәйгүлігі иеленді. Шабандозы – Талғатұлы Бекзат, ат иесі де, бапкері де – Денис Власов («Лада Гранта» автокөлігі).

9 шақырымдық жорға жарысында:

1-орын – Қырғызстан Республикасының атынан қатысқан «Қабылан» атты жорға. («Лада гранта» автокөлігі)

2-орын – Атырау облысының «Асуар» атты жорғасы. (150 мың теңге)

3-орын – Қырғызстан Республикасынан топқа түскен «Лепучий» атты жорға. (120 мың теңге)

11 шақырымға созылған бәйгеде 50 құнанан:

1-орын – Алматы облысы Қарасай ауданының «Қарлығаш» атты жүйрігі. Шабандозы – Сабыржан Байқұрман, иесі – Әлинұр Назарбаев, бапкері – Мұрат Досбергенов («Лада Гранта» автокөлігі)

2-орын — Жамбыл облысынан келген «Әлқисса» атты құнан.Шабандозы – Әкім Қожақ, иесі – Диас Мырзахан, бапкері – Бағдат Шымырбаев. (150 мың теңге)

3-орын – Алматы қаласынан келген «Мұзбалақ» есімді жүйрік. Шабандозы – Бақыт Сәдуақас, иесі – Әділбек, бапкері – Әділет Ноқатай. (120 мың теңге)

50 тай қатысқан 5 шақырымдық тай бәйгеде:

1-орын – Жамбыл облысынан келген «Шөнгер» атты тай.Шабандозы – Нұрсұлтан Ілебай, иесі — ЖәнібекӘлібеков, бапкері – Мұрат Сүлейменов. (200 мың теңге)

2-орын – Алматы облысы Талғар ауданының «Кәусар» атты тай. Шабандозы – Сметай Нұрболат, иесі – Мерхат Бұлғынов, бапкері – Нұржігіт Табылдиев. (150 мың теңге)

3-орын – Қырғызстан Республикасынан келген «Береке» атты тай. «Асанбек ата» ат шаруашылығына тиесілі. (70 мың теңге).

16 шақырымға созылған топ бәйгеде:

1-орынды – Алакөл ауданының атынан топқа қосылған «Шымбұлақ» атты сәйгүлік иеленді. («Нива» автокөлігі)

2-ші орын– Талғар ауданының «Ғасыр» атты жүйрігіне бұйырды.(«Лада Гранта» автокөлігі)

3-ші орын – Қарасай ауданының жүйрігі «Дон Франческо» атты тұлпары.(150 000 теңге)

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.