Сапарбаев жылқы зауыты жұмысшыларының жалақысын уақытылы беруді тапсырды

2653

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жұмысшылары алдында жалақы берешегі бар «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-қа арнайы барды.

Соңғы кездері «Луговой жылқы зауыты» ЖШС бірқатар келеңсіздіктерге тап болғаны белгілі. Осыдан аз ғана бұрын онда қызметкерлеріне жалақы төлеуге қатысты мәселе туындаған-ды. Бірнеше айдағы берешек мөлшері 100 миллион теңгеден асқан. Қазіргі таңда қарыздың негізгі бөлігі өтелген. Жылқы зауытының басшыларының бірі Александр Линниктің айтуынша, қалған 18,2 миллион теңге жұмысшыларға жақын арада төленбек.

Осы айда мемлекеттен бізге тиесілі 46 миллион теңге мөлшеріндегі субсидияны алғаннан кейін, бірден жалақы бойынша барлық борыштарды өтейтін боламыз. Бұл ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларындағы төлемдер. Кешіктіру біздің кінәмізден емес, жеткізушілерге қатысты орын алды, — деп түсіндірді ол.

Өңір басшысы барлық қарыздарды 20 наурызға дейін төлеу қажеттігін, сондай-ақ кәсіпорында жұмыскерлердің құқықтарын қорғаумен айналысатын кәсіподақтың құрылуы тиіс екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта кәсіпорын қызметкерлерінің арасында ең жоғары жалақыны механизаторлар алады десек, олардың айлығы — 350 мың теңгеге дейін, ал операторлар 105 мың теңге алады. Бұған қоса, жалақы жыл сайын 10 пайызға өсіп отырады. Жұмысшылар күніне үш рет тегін тамақпен қамтамасыз етілген, олардың кәсіпорын өнімдерін жеңілдетілген бағамен сатып алуға мүмкіндігі бар.

А. Линник сыйымдылығы алты мың тонна болатын жер асты қоймасын көкөніс қоймасына қайта жабдықтау жоспарымен бөлісті. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Қойма желдету жүйесімен жабдықталған. Кеңес заманында мұнда азық-түлік сақталған. Асфальт төселіп қана қоймай, оған теміржол да тартылған. Облыс әкімі бұл бастаманы қолдап, оны «Тараз» ӘКК-нің қатысуымен жүзеге асыруға уәде берді.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.