МСМ мектеп бағдарламасына енетін ұлттық спорт түрлерін бекітті (ВИДЕО)

4476

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен ұлттық спорт түрлерінің мектеп бағдарламасына енгізуге болатын тізімін бекітті.

Министрдің «Ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекіту туралы» (2021 жылғы 26 ақпандағы №52) бұйрығы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын орындау мақсатында қабылданды.

Бұйрыққа сәйкес ұлттық спорт түрлерінің мектеп бағдарламасына енгізуге болатын тізімінде: аударыспақ; асық ату; бәйге; жамбы ату; жекпе-жек; көкпар; қазақ күресі; құсбегілік; тоғызқұмалақ бар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық спорт түрлерін мектеп бағдарламасына енгізу туралы Заң қабылданғаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар, бұл заңға Мемлекет басшысы қол қойып, ол жайлы Ұлттық спорт қауымдастығының басшысы Бекболат Тілеухан өз ойын айтқан болатын.

Ескерте кететін бір мәселе, Ақтоты Райымқұлованың қол қойған тізімдегі спорт түрлерін мектеп бағдарламасына енгізу туралы Білім және ғылым министрлігі бұйрық шығаруы керек. Содан кейін ғана бұл спорт түрлері мектеп бағдарламасына енеді.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.