Жылқыға қатысты мақал-мәтелдер (жалғасы)

17129

Жазда жілік жүгіреді, күзде күлік жүгіреді.

Тұлпар – тұсында,
Күлік – күйінде.

Жаман аттың бабын тапсаң – тұлпар,
Күйкентайдың бабын тапсың – сұңқар.

Айғыр ұшынса, ат болар,
Ат ұшынса, ет болар.

Ат артта жүрсе, есек құлағын тігер.

Ат арытпақ арзан,
Жұрт танытпақ қымбат.

Жарлының жалғыз аты қашаған.

Атасы басқа – аты қасқа.

Аты жоқтың аяғы жоқ.

Жақсы көрген досыңды ат байлатып сына.

Ат сұраған қорлық емес,
Ер-тоқым сұраған қорлық.

Ат аяғынан,
Ер тамағынан бұзылады.

Болар бала бесікте бұлқынар,
Болар құлын желіде жұлқынар.

Есегін жоғалтып, ер-тоқым іздеген.

Аптыққан есек аттан озар.

Жуас ат теппесін; тепсе жұлыныңды үзер.

Арпасы бар ат арымас.

Атсыз аламан, сусыз диірмен.

Жақсы әйел мен жақсы ат,
Күлмей тұрып күлдірер.
Жаман әйел, жаман ат,
Өлмей тұрып өлтірер.

Ерте тұр да атаңды тап,
Атаңнан соң атыңды тап.

Ат ырзығы алдында.

Қазақтың аты жем жемес,
Жесе дорбаның түбін теспей қоймас.

Жел – суықтың қамшысы.

Әкең барда, дос тап,
Атың барда, жол тап.

Аттың даңқы жігіт қолында,
Жігіт даңқы өз қолында.

Бір атқа екі қамыт кигізбейді.

Құс көкте, ат тауда,
Жігіт жауда сыналар.

Жаманнан ақыл сұрасаң,
Астыңдағы атыңды сұрайды.

Үш таға таймас,
Жалғыз ағаш жанбас.

Сараңның асын күтіп өзегіңді талдырғанша,
Жомарттың үйіне жетіп, атыңды шалдыр.

Ақырын жүрсең, бай тергейді,
Ағызып жүрсең, ат терлейді.

Шідерлеулі ат шетке шықпас.

Үйірдегі жылқылар,
Бөріні де жұлқылар.

Атына ашуланып арсылдаған,
Арбасының арысын қамшылаған.

Құнарлы топырақта қамшының сабыда гүлжарар.

Құрсау ат қамшыдан қымсынбайды.

Үш өрме арқан өте берік.

Қарасы көп – қамшысына да қатын әперер.

Жігіттің жақсысы жаяу жүрсе де аттыдай.

Кіршеңнің аты тершең.

Арғымақ алдына ат салмас.

Сиыр туласа, сәйгүліктен бетер.

Әйел тілесе, қазанаттан азамат, азаматтан қазанат жасар.

Міңгеспе,
Міңгестің бе, артың тесілсе де үндеспе.

Қамшыға ат шыдамас,
Тамшыға тас шыдамас.

Майланбаған қайыс тез үзілер.

Арыс келте болды деп,
Аттың басын кеспес болар.

Ауруы да жоқ еді ауру ғұрлы;
Арлан ат ақырында өліп тынды.

Иесі жорғаламаса,
Жорғасы да жорғаламас.

Жақынын жатқа сатқан оңбас,
Биесін атқа сатқан оңбас.

Жасына қарай бағасы,
Атына қарай шанасы.

Ат тісінен белгілі,
Жігіт ісінен белгілі.

Жаман аттың сылтауы – жүген.

Жақсы ат жарыста өлер.

Еріккен таз көпір үстінде ат үркітер.

Жеккен атың тай болсын,
Тұрған жерің бай болсын.

Айғыр құтырса ат болар.

Сиыр туласа, аттан бетер,
Адам туласа, иттен бетер.

Қыңыр –
Аттыға жол,
Жаяуға сөз бермес.

Жылқының саяғын алғанша,
Қойшының таяғын ал.

Арбасы алда, аты артта.

Қара орманнан қамшыға сап таба алмаған.

Жабыны баптасаң да тұлпар болмас,
Жапалақты мақтасаң да сұңқар болмас.

Жүйріктің езуі жырық.

Үркек жылқы ұстатпас.

Құлдық ұрған көбейсе,
Жұтағанының белгісі.
Құлын-тайы көбейсе,
Құтайғанының белгісі.

Иесі мақтаған ат озбас.

Өзгенің аты өрге шапса да алқынбас.

Аттан түссең де,
Үзеңгіден түспе.

Тұғырдан құлағанды тұлпарға міңгізбе.

Құрастырған Жаубай Ержан
(Басталуы мына жерде 1, 2, 3, 4, 5.) (Жалғасы бар)

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.