Ел чемпионаты. Атырау Қызылордадан айласын асырды

1877

Тараз қаласы маңындағы Бестөбе атшабарында өтіп жатқан ел чемпионатының үшінші күні алаңға шыққан көкпар командаларының ойын Атырау облысы құрамасы мен Қызылорда облысы құрамасы жалғастырды.

Атырау құрамасы еліміздегі белді командалардың бірі. Алғашқы ойында Түркістан құрамасына жол берсе де, кеше СҚО құрамасын 17:1 есебімен ұтқан еді. Бүгін де мұнайлы өлкенің жігіттері алаң тізгінін қолға алды. Алғашқы айналымның өзінде есепті 7:0-ге жеткізген атыраулықтар, екінші айналымда тіпті дес бермеді.

Ойынның екінші айналымында да Қызылорда құрамасы тым мықты ойын көрсете алмады. Керісінше, Атырау жігіттері қарқынын үдете түсті. Өз күштерін танытуға барын салған шабандоздар, ойын соңында есепті 12:1-ге бірақ апарды.

Сонымен қос команданың нәтижесіне көз жіберсек. Алғаш болып есеп ашқан атыраулық шабандоз Әліпбаев Ынтымақ – 5 салым салса, Жиенқұл Елдар мен Жүнісов Алмат екі-екі салым салды. Сонымен қатар, Сүлейменов Қайыржан, Мақсұт Айдар және Айтбай Жасұлан бір-бір салымға қол жеткізді. Ал Қызылорданы 0-ден құтқарып қалған шабандоз Әмзеев Наурызқожа.

Осы ойында Атырау облысының тағы бір ойыншысы кешегі жетістікті сақтап, 5 салым салды. Бүгінгі көп салым салған Әліпбаев Ынтымақ болды.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.