Мұхамет-Салық Бабажанов: Жылқы және жылқы сыны (жалғасы)

3309

Әйгілі Мұхамет-Салық Бабажановтың бұл мақаласы 1871 жылдың қаңтарында Ресейде жарық көретін «Журнал охоты»-дың 1-2 нөмірінде басылған еді. Түпнұсқада орыс тілінде жазылған мақаланы қазақшаға аудардық.

Осы орайда, оқырман қауымға ескерте кететін бір жай бар. Ол – мақалада «киргиз» деп берілген ұлт атауын argymaq.kz редакциясы «қазақ» деп беруді жөн көрді. Себебі, 19 ғасырда орыстар қазақтарды «киргиз» деп атаған болатын.

Жүрдек

 Жүрдек — яғни, жүрісті, бәйге аттары мен мықты аттардың қасында орташа саналады.

Берік атқа қарағанда тұрықты әрі жіңішке келеді.

Олар дала жылқы шаруашылығындағы ең үздіктер деп саналады және мініске шыдамды, ұзақ жолға төзімді деп бағаланады.

Жүрдектің жүрісі жұмсақ, жылдам, икемді. Жүрісі көбінесе желіске бейім, сондықтан оны тұрақты желіске үйретеді.

Қазақтар ұзақ жерге қоныс аударғанда немесе барымталанған малының соңынан қуғанда 200 шақырым, тіпті, бір күн жол жүрсе де жем-шөпсіз шыдас беретініне сенгендіктен жүрдек атқа мінген.

Бұрынғы уақыт тәжірибесінен белгілі болғандай, қазақтар жылқының осы сортындағы бір ғана атпен бес күнде 800 шақырым жолды еңсеріп отырған. Жалпы, осындай бір атпен бір күнде еңсеретін ең ұзақ қашықтық 260 шақырымнан кем емес.

Өзге жылқылардан ерекшелігі – жылқының өте қабілеттілігі мен жегуге ыңғайлылығы. Астраханьда жүк тасымалдаушылар мұндай аттарды ерекше жақсы көрген. Олар күніне 60-70 пұт ауыр жүк тасымалдаса да жылқының салмақ тастағанын немесе күші азайғанын байқамаған. Егер бұл жылқының тұрпаты анағұрлым биігірек әрі арғымақтық сипаты болса кавалериялық жөндеуге жарамды болар еді. Мұндай жағдайда ол «сұлу ат» деп аталып (тазақанды емес) метис-қазанаттан, оның үстіне мойыны қазмойынды болып келер еді.

Жүйрік

Жүйрік – яғни – шабыс (бәйге) аты.

Егер европалықтар немесе жалпы өркениетті елдерде жүрдек аттарды жегін (жегілетін) аттардың мықты өкілдері десе, қазақтарда мініс аттарының ішінде ең үздігі, тіпті мінсізі – шабыс немесе бәйге аттары деп санайды.

Бәйге аттарының тұрпаты мен сыртқы белгілері сан-алуан болып келеді.

Бәйге аттардың ішінде қазақтар шабысы жылдамдарын, ең бастысы – ұзақ шабысқа төзімділерін бағалаған. Бойлары әртүрлі болуы мүмкін, алайда бойы биіктері мен сымбаттыларын аса жоғары бағаланған. Олардың бойында жоғарыда аталған жылқы түрлерінің барлық қасиеттері болуымен, олардан шабыс кезіндегі жылдамдығы мен төзімділігімен ерекшеленеді.

Естеріңізге сала кетейік, мақаланың басын мына жерден оқуға болады. Сонымен қатар Бабажановтың «Арғымақ — Түркістан жылқысы» атты мақласын да біздің сайттан таба аласыздар.

Мұхамет-Салық Бабажанов,

«Журнал охоты» 1871 жыл

Argymaq.kz (Жалғасы бар)

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.