Жылқы өсірушілердің назарына!

3803

Қазақстан Республикасы Зауыттық жылқы тұқымдары палатасы жылқы өсірушілерге биылғы құлындарды тұқым кітабына енгізуді сұрайды.

Құрметті жылқы өсірушілер! Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы құлындарды паспорттау үшін алдын-ала өтінімдерді Қазақстан Республикасының Тұқым кітабына жіберуіңіз керек, сонда Тұқым кітаптың инспекторы алдын ала жылқы фермаларына бару кестесі мен жолын жасай алады — делінген палата таратқан ақпаратта.

2021 жылы туған құлындарды паспорттау 2021 жылдың 31 қазанына дейін жүргізіледі.

Бұл жағдайда төлқұжаттың құны бұрынғы 65000 теңге қалпы. Кеш тіркеуден өткен жағдайда, яғни 2021 жылдың 31 қазанынан кейін төлқұжатқа тапсырыс берсеңіз, тарифі айтарлықтай өсетінін ескерте кетейік. Бұл ерте ат қосуды азайту мақсатында жасалады — дейді палата мамандары.

Барлық сұрақтар бойынша Тұқым кітап инспекторы Александр Сухоруковқа 8 707 4212244 хабарласыңыз.

Бұндай хабарландыруды өткен жылы да жасағанымызды естеріңізге сала кетейік.

Argymaq.kz

Басты сурет: Ернар Алмабек

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.