15-қазан күні Атырауда републикалық жаппай көкпар өтеді

atyrau-2017

Ұлттық спорт жарыстарын өз өңірінде ұйымдастырумен ғана шектелмей, республикалық деңгейде өткізуде Атырау облысы белсенділік танытуда. Жыл басында «Қансонар-2017» республикалық бүркітшілер бәсекесін өткізген атыраулықтар мамыр айында бас жүлдеге автокөлік тігіп көкпар мен аламан бәйгені республика көлемінде ұйымдастыра білді.
Енді міне, сол Атырау тағы да Қазақстанның барлық өңіріне сауын айтып отыр. Көкпаршыларымыз үзеңгіге аяқ сала берсін! 15 қазан күні Атыраудың іргесіндегі Алмалы ауылында тұңғыш рет жаппай көкпардан «Дарабоз-2017″ республикалық турнирі өтеді. Жүлде қоры 15 миллион теңге! Ұйымдастырушылары Атырау облысы әкімдігі мен Атырау облыстық ұлттық спорт түрлері федерациясы.

«Ағайын, Ақ жайықтың жағасына жиналайық! Күздің қақ ортасында, яғни, 15 қазан күні Атыраудың іргесіндегі Алмалы ауылында тұңғыш рет жаппай көкпардан «Дарабоз-2017″ республикалық турнирі өтеді. Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан шабандоз жарыстың бас жүлдесі мен «Алтын қамшының» иегері атанады. Алтай мен Атыраудың арасын жайлаған дүйім жұрт, атқа қон! Делебені қоздыратын дүбірлі додадан құр қалма! Рухани жаңғырудың жаңғырығы Атырау жақтан естіледі. Ендеше, асығайық халайық!»

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>