Атыраулықтар иппотерапияны дамытпақшы

ippoterapya

Канистерапия орталығының жетекшісі Ерлан Күмісқалиев аймақта жылқымен емдеу ісін дамытуды көздеп отыр, — деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүкілхалықтық дауыс беру қорытындысымен Ерлан Күмісқалиев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуға ұсынылған еді. Атырау облысынан жобаға 7 үміткер іріктелді, оның қатарында «Атырау. Шағын ел» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі де бар. Ұйым қызметі жұлын және бас миы зақымданған балаларды емдеу мен сауықтыруға негізделген.

«Атырау. Шағын ел» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына биыл 5 жыл болды. Осы уақыт аралығында канистерапия әдісі арқылы әр түрлі сырқатқа шалдыққан 300-ден астам бала ем-домнан өтті. Ерлан Күмісқалиев енді жылқылардың көмегімен иппотерапия арқылы балаларды емдеуге ниеттеніп отыр.

Иппотерапия орталығы Атырауда кәсіпкерлер мен ынталы азаматтардың қолдауымен салынады.

«Екі жыл бұрын біздің екі жаттықтырушымыз Грузияда біліктіліктерін арттырып, иппотерапевт-инструктордың халықаралық сертификатын алды. Содан кейін жылқымен емдеу орынын ашуды жоспарладық. Жергілікті билік 5 га жер телімін берді, енді кәсіпкерлер мен қайырымды жандардың көмегімен иппотерапия орталығының құрылысы басталды», — дейді Ерлан Күмісқалиев.

Орталық құрылысы Атырау қаласының маңындағы Ақжар ауылында бой көтерді. Құрылыс келер жылдың көктемінде аяқталады деген жоспар бар. Ерлан Күмісқалиевтің айтуынша, еріктілер мен демеушілер құрылысқа қажетті жағдайдың бәрін жасап отыр. 

inform.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>