Қазақ көкпаршылары АҚШ ковбойларына көкпар тартуды үйретеді

baur7335

Елімізде көкпаршыларды дайындайтын бапкерлер АҚШ ковбойларына көкпар ойынын үйрету үшін келесі жылы Америкаға аттанады. Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта бұл шаруа шешілу үстінде. Көкпар өнеріне баулитын бапкерлерді Америкаға жіберу жоспарда бар. Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшілігі Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына хат жазып, өз елдеріне «көкпардан бапкерлерді жіберсеңіздер, біз көкпарды үйренсек» деп өтініш білдіріп отыр. Соған байланысты көкпардан азаматтардан кім барады, қалай барады, сапардың форматы қандай болады деген сұрақтар нақтылану үстінде», — делінген Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бапкерлердің алыс құрлыққа сапары 2018 жылға жоспарланып отыр.

Естеріңізде болса, Халықаралық «Экспо-2017» көрмесі аясында Астана қаласында 20-28 тамызы күндері көкпардан тұңғыш Әлем чемпионаты өткен болатын. «Қазанат» ипподромында өткен көкпар чемпионатының финалында Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 4:1 есебімен жеңген еді. Айтулы додаға әлемнің 11 елінен команда қатысқан. Құрама капитаны Крид Гарник бастаған АҚШ ковбойлары да әлем чемпионатына бірінші рет бақтарын сынаған еді.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>