Азия чемпионаты. Өзбекстан көкпаршылары үшінші орын

Zhastar13

Алматыда өтіп жатқан Ат спорты түрлерінен Жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатының көкпар бойынша қола жүлде иегерлері анықталды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, көкпардан топтық кездесу аяқталып, қола жүлде үшін Өзбекстан мен Қытай құрамалары арасында өзара бәсеке өтті.

Екі команданың да өзіндік әдіс-айласы, ойындағы шеберлігі бар. Дегенмен, жаппай көкпарға төселген өзбек палуандары алаңға билік жүргізіп бақты. Қытай құрамасы да осал шағылар жаңғақ емес. Алайда, «жүйрікке жүйрік тап келсе, төрт аяғы бауырында тыпырлар» дегендей, ала шапанды ағайынның айдарынан жел есті.

Ойынның алғашқы бөлігінде алғашқы болып есеп ашқан қытайлық жігіттер болды. Алғашқы таймда ұпай саны 1:1 болып тең бітті. Дегенмен ойын соңында есеп 2:1 өзбекстандық көкпаршылардың пайдасына шешілді.

Екінші таймда айтақалсын ойын болған жоқ. Сонда да есеп –ке жетті. Жеңіс Өзбекстан көкпаршыларының қанжығасында кетті.

Сонымен, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған Жастар арасындағы тұңғыш Азия чемпионатының қола жүлдесі өзбек көкпаршыларына бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан кейін финалдық ойында Қазақстан мен Моңғолия құрамалары өзара мықтыны анықтайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>