Биыл Көшпенділер ойындары өтпейтін болды

3739

2020 жылы өтеді делінген IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары COVID-19 пандемиясына байланысты 2021 жылға шегерілді.

Бұл туралы Түркі кеңесі ҚР Сыртқы істер министрлігіне ресми хат арқылы хабарлаған.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі биылғы күнтізбелік жоспарда тек ел ішінде өтетін жарыстар ғана қалғанын айтты.

Ұлттық спорттың елішілік жарыстары 2020 жылдың екінші жартысынан бастлады. Ал Моңғолияда, Оңтүстік Корея мен Оңтүстік Африкада, Өзбекстан мен Түркияда және өзіміздің елде бірқатар халықаралық жарыстар өтеді деп жоспарланған болатын – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2020 жылы қыркүйек айында IV Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары өтетіні хабарланған болатын.

Ақпан айында Түркияда өткен жиын барысында Көшпенділер ойындарында көкпар шеңберге ойналатыны айтылған. Түркия елі сол жиын барысында «Қыркүйек айында Бурса қаласында өтетін Дүниежүзі көшпенділер ойындары Бүкіләлемдік «Көкпар» қауымдастығы ұсынған ережемен ойнайтын боламыз» деп арнайы мәлімдеді.

Ал ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай Көшпенділер ойындарына ел құрамасы өз аттарымен қатысатынын айтқан еді.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.