Құрамды ердің тарихы

895

… Іле өзенінің бойында тораңғыл көп емес, бірақ іздеген адамға табылады. Тораңғыл десең бірден географиялық картадағы кішкене ғана жазумен жазылған Желтораңғыл еске түседі. Ауылды қоршаған топ-топ тораңғылы мен шеңгел, жидесі аралас құмның ортасындағы елді мекен.

Алматыдан 300 шақырымдай жерде, Іле өзенінің бойында. Кеңестік заман кезінде мыңдап ірі қара малын өсірген, мектеп, аурухана 2000-ға жуық халқы болған совхоз. Одан ары толғасақ сонау Тәшкенге дейін сансыз байлығымен танылған атақты Ыстыдан шыққан Оспан байдың мыңғырған малының ордасы болған шұрайлы жер. Бүгінде өз несібесін өздері тауып, жерінің ырысын еміп жатқан ауыл. Табиғаты тұнып тұрған байлық, барған адам қайтқысы келмейтін пейілі кең халқымен аты шыққан жер.

Қазіргі ауыл сыртындағы топ орман ауыл малы мен аң-құстың көлеңкелейтін орынына айналған. Ұзақ жылдар өсетін сексеуіл мен тораңғылдың табиғаты жақын, ағайынды адамдар секілді. Қызыл кітапқа енген өсімдік. Бірақ бірі отынға айналып мұхит асып тұқымы құрудың алдында әзер сақталып қалды. Оған тікелей мұрындық болып жанын салып, қорғап қалған сол кездегі ауыл шаруашылығы министрі, мың жасағыр ғалым, академик Ақылбек Күрішбаев болатын. Егер дер кезінде тоқтатпағанда бүгінде сексеуілді музейден ғана көріп, гербариден оқушыларға таныстырар едік.

Zhanuzaq M.Ал торңғылдың қадірін біреу білсе біреу білмейді. Мына менің қолымдағы әкемнің әкесінің ертоқымы осы торағылдан шабылған. Ат үстінде жеңіл, ыңғайлы, мықты кепкен сайын жасы ұзара беретін ерекшелігімен қымбат ағаш. Ата бабаларымыз осы ағаштан кезінде күбі, келі-келсап, ертоқым, тағы басқа да тұрмысқа керекті құрал жабдықтың бәрін жасаған.

Тарихты қозғап еске қай-қайдағыны түсіріп отырған, мына ертоқым туралы аздап тоқтала кетейін. Осы мен ұстап тұрған ертоқым бүгінде менің үйімдегі ең бағалы затымның бірі де бірегейі. Әкемнің әкесінің көзі. Бүгінде менің баламның баласы Әлижан немерем ұстап мініп қызығын көріп отыр. Ертоқымды көргенде ол маған әкемнің әңгімесін қайта есіме түсіріп, бұрынғы болған оқиғаны айтып тұрғандай болады. Нақтырақ айтсам, Алматы облысының Балқаш ауданында бір ауыл түгел қырылған қазір «Қырғынқыстақ» аталатын Көкжидеден түстік жердегі сексеуілдің шабырына айналған кісі айналып өтетін дымын ішіне тартып үнсіз жатқан жердің бір куәсі осы — құрамды ер. Әкем осы ертоқымды анда-сонда бір майлайтын. Және қолына ұстап отырып, ақырын жәй қоңыр даусымен бір күрсініп алып әңгімесінің шетін шығарып бастаушы еді.

«…1948 жыл І және ІІ ауылға төтенше жағдай жарялап, сонау Мәскеуден тікелей военый ұшақпен әскер келді. Үш қабат болып қоршау тұрды, радиорубпен хабарлама айтты. «Біреуің қыймылдамай бізді тыңдап кезекпен арнаулы пост арқылы өтесіңдер. Ешқандай сұрақ болмасын» дейді әскерилер. Тәртіп солай» — дейді әкем.

Сол кезде әкемнің төрт баласы төрт жағында жылап еңіреп тұрады. Әкемнің көз алдында жары Орынбала анамыз шуманың шарпуына ілікті, о дүниелік болды. Ең кішісі Өмірбай ағам үш айлық қана, Өміртай әпкем үш жаста, Өмірзақ ағам сегізде, үлкені Шолпан әпкем он екі жаста болған. Әкем Ұлы Отан Соғысының қырғын майданы Сталинград шайқасында үш рет пулеметімен бірге көмілген және ауыр жараланып келген жауынгер еді. Өзін тоқтатып ертеңгі ұрпаққа қалдырар ата-бабамның көзі ғой деп осы ертоқым мен киіз үйдің босағасын отырған тамның астын қазып тығады.

«Темірдей тәртіп бойынша адамдарды түгел шығарып алып, барлық қыстақтағы үйлерді өртеп жіберген. Қасірет айтып келмейді балам» — дейтін әкем…

Содан бері міне 72 жыл өтіпті. Ауылыма барған сайын аты жаман жерден өткенде төбе шашым тітіркеніп, бойым суып есіме қай-қайдағы түседі. Үйге келген соң неше күн ойланып жүремін.

«Басқа түссе баспақшыл» дейді, дана халқым. Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі дегенімен, Алла сақтансаң сақтаймын — демей ме. Алланың сынағы болар дегенмен, ғасырда бір болатын індеттен аман қалып келесі ұрпаққа қалдырар аманатымыз болсын десек, еліміздегі болып жатқан тәртіпті бір кісідей орындайық. Сонда ғана біз жеңеміз. Оған төзімділік пен темірдей тәртіп керек. Осынау кең байтақ жерімізді біздің ата бабаларымыз қалай қорғады, еске алайықшы. Қаншама қасіретті бастарынан өткізді, түрлі ауыру мен соғысты көрді. Ойланыңдар бауырларым!

Казіргі заманда қарғаның қадымындай жерге жете алмай жүргендер қаншама. Ұлан байтақ жерге ие болған Қазағым! Атабабаларымыздың мирасына сөз тигізбейік. Ары бері босқа шабылмай бәрін тоқтатып, тәртіпке бағынып аты жаман Коронавирусты құртайық! Оқшауланып, үйде отырайық!

Zhanuzaq M.1Жанұзақ Мүсәпіров, argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!