Ел чемпионаты. СҚО Жамбыл жігіттеріне жол берді

2028

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен Көкпар мен аударыспақтан ел чемпионаты жалғасып жатыр.

Тараз қаласы маңындағы Бестөбе атшабарында бес күнге жалғасатын дүбірлі дода елдегі пандемиялық ахуалға орай санитарлық талаптарды сақтай отырып өтуде.

Чемпионаттың үшінші күні алаңға шығатын төрт команданың алғашқысы Жамбыл облысының құрамасы мен СҚО құрамасы болды.

Тараздағы ауа райының қолайсыздығына қарамастан қар үстінде көкпар өткізген командалар жақсы ойын көрсетті. Дегенмен, бұған дейін Атырауды ойсырата ұтқан Жамбыл жігіттері, СҚО-ны да сансыратып жіберді.

Ал бұған дейін Атырау мен Түркістанға есе жіберген Қызылжар құрамасы алаң иелеріне қарсы айтарлықтай қарсылас бола алмады. Ойынның алғашқы айналымы 9:1 есебімен аяқталды.

Нұрдәулет Момыновтың шабандоздары алаң иелері өздері екенін тағы да дәлелдеді. Қазақстан Республикасының 10 дүркін чемпионы «Әулие ата» командасының жігіттері СҚО құрамасын 13:3 есебімен ұтты.

Ойынның алғашқы минуттарында салым салып, есеп ашқан жамбылдық шабандоз Бердіқұл Айнабек екі салым салса, Шырынбаев Бағылан да осы ойында 2 салымға қол жеткізді. Ал құрамадағы өзге 10 ойыншының 9-ы бір-бір салымнан салып шықты. Тек осы ойында Дүйсенбиев Манарбек қана салым салып үлгермеді.

Ал СҚО құрамасы ойыншыларының арасында Әбесов Нұрсұлтан, Галинуров Данияр және Любарский Вадим әрқайсысы бір-бір салымнан салды. Құрметті оқырман, естеріңізде болса 2019 жылғы ел чемпионаты кезінде біз Вадим Любарскийден арнайы сұқбат алған болатынбыз.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!