Қарағандыда жаңа ипподромның қазығы қағылды

2122

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев ипподром салынатын жерге қазық қақты.

Қарғандыға ипподром салу туралы мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Қазір атшабар алаңының жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, құрылыс жұмыстарына дайындық басталды.

Жоспарға сәйкес, жаңа атшабар Қарағандының Оңтүстік-Шығыс тұсында орналасатын болады. Жаңа кешенде ат спорты түрлері дамытылмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының көкпар командасы жақында ел біріншілігінде 2-ші орын алды. Бұл – қарағандылық команда үшін бұрын-соңды болмаған жетістік.

saryarqanews.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!