Бұл Ата заң бұрынғыдан өзгерек

241

Тәуелсіз елдің мемлекеттік ерекшеліктерінің бірі – Ата заңы. «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» дегендей, Қазақстан азаматтарының азаматтық құқықтарын, әлеуметтік қал-ахуалын, саяси тұрақтылығын, жалпы әрбір адамның адами құндылықтарын қамтамасыз ететін Конституциямыздың қабылданғанына да ширек ғасырға жуық уақыт болды. Ең алғаш 1993 жылы негізі қаланып, 1995 жылы референдумның негізінде түбегейлі қайта жазылған Ата заңымыздың кейбір баптарына Елбасы жақында ғана түзетулер мен толықтырулар енгізген болатын.

Заманның озығы бар, тозығы бар деген секілді, Конституцияның жаңарып тұруы мемлекеттің алға жылжуын, жан-жақты дамуын көрсетеді. Бұған дейін де үш рет өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Ата заңымызды биылғы өзгертілген нұсқаларымен салғастырып көрдік.

Сонымен, 1995, 1998 жылдардағы нұсқалары мен қазіргі кезде қолданыстағы Конституцияның және биылғы өзгертілген баптардың айырмашылығын бағамдап көріңіздер.

1. 26-бап (2017 жылғы Президент нұсқасы)

«1. Әркiм заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады.

Жеке меншік құқығына қол сұғылмайды. Меншiкке, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi. Егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, заңды жолмен алынған мүлікке меншік құқығын шектейтін немесе одан айыратын заңдарды және өзге де құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді».

26-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады.

2. Меншiк, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi.

26-бап (1995, 1998 жылдардағы нұсқасы қазіргімен бірдей)

2. 44-бапта: (2017 жылғы Президент нұсқасы)

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республика Премьер-Министрін қызметіне тағайындайды; Республика Премьер-Министрін қызметінен босатады; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкіметтің құрылымын айқындайды, Президент дербес тағайындайтын және босататын сыртқы істер және қорғаныс министрлерін қоспағанда, Үкімет мүшелерін қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады»;

2) 8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;

3) мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

«10-1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау, Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабы 3-тармағында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы Конституциялық Кеңеске үндеулерді жолдайды»;

4) 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«18) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды».

44-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды; Республиканың Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

8) Республиканың мемлекеттiк бағдарламаларын бекiтедi;

9) Республика Премьер-Министрiнiң ұсынуымен Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдардың қызметкерлерiне арналған қаржыландыру мен еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн бекiтедi;

10) республикалық референдум өткiзу жөнiнде шешiм қабылдайды;

18) өзiне бағынысты Республика Президентiнiң Күзет қызметiн және Республикалық ұланды жасақтайды;

44-бап (1998 жылғы нұсқада 8, 9, 10, 18-ші тармақшаларда өзгеріс жоқ)

3) Парламенттің келісімімен Республиканың Премьер-министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілейді, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ Үкімет құрамына кірмейтін Республиканың орталық атқарушы органдарын құрады, таратады және қайта құрады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; Үкіметке заң жобаларын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады; Үкіметтің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы әкімдері актілерінің күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады;

44-бап (1995 жылғы нұсқада 3-тармақша 1998 жылғы нұсқамен бірдей, ал қалған 8, 9, 10, 18-ші тармақшалар қазіргі қолданыстағы Ата заңдағыдай)

3. 45-баптың 2-тармағы алып тасталсын. (2017 жылғы Президент нұсқасы)

45-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

2. Конституцияның 53-бабының 4)-тармақшасында көзделген ретте Республика Президентi заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген ретте Республиканың заң күшi бар жарлықтарын шығарады.

45-бап (1995, 1998 жылдардағы нұсқасы қазіргімен бірдей)

4. 53-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын. (2017 жылғы Президент нұсқасы)

53-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;

53-бап (1998 жылғы нұсқасы қазіргімен бірдей)

53-бап (1995 жылғы нұсқасы)

3. Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша ол қарсылық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен бұрын қабылданған шешімді қуаттайтын болса, Президент жеті күн ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы ескерілмесе, заңт қабылданбады немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі.

5. 57-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: (2017 жылғы Президент нұсқасы)

«6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заң­дарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дау­сымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүше­сін қызметінен босатады».

57-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады.

57-бап (1998 жылғы нұсқасы)

6) депутаттардың жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға және Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палаталар депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне жүгінуге хақылы; егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады;

57-бап (1995 жылғы нұсқасы)

6) депутаттардың жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға және Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палаталар депутаттары жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне жүгінуге хақылы;

6. 61-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: (2017 жылғы Президент нұсқасы)

«2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басым­дығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары Парламенттің ағымдағы сессиясы ішінде бірінші кезектегі тәртіппен қабылдануы тиіс екенін бiлдiредi».

61-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

2. Республика Президентiнiң заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгiлеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар, бұл Парламент заң жобасын енгiзiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға тиiстi екенiн бiлдiредi. Парламент осы талапты орындамаса, Республика Президентi заң күшi бар Жарлық шығаруға хақылы, ол Парламент Конституция белгiлеген тәртiппен жаңа заң қабылдағанға дейiн қолданылады.

61-бап (1995, 1998 жылдардағы нұсқасы қазіргімен бірдей)

7. 64-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: (2017 жылғы Президент нұсқасы)

«2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің қызметінде Республика Президентінің, Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты».

64-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты.

64-бап (1995, 1998 жылдардағы нұсқасы)

2. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституцияның 53-бабының 6)-тармақшасында көзделген ретте Республика Парламентіне есеп береді.

8. 65-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: (2017 жылғы Президент нұсқасы)

«2. Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiмде Республиканың Премьер-Министрі Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныстар енгiзедi».

65-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

2. Республика Премьер-Министрi тағайындалғаннан кейiнгi он күн мерзiм iшiнде Премьер-Министр Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентiне ұсыныс енгiзедi.

65-бап (1995, 1998 жылдардағы нұсқасы қазіргімен бірдей)

9. 66-бапта: (2017 жылғы Президент нұсқасы)

1) және 8 ) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді және олардың орындалуын қамтамасыз етеді»;

«8) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдарды құрады, таратады және қайта ұйымдастырады, олардың басшыларын қызметіне тағайындайды және қызметінен босатады»;

мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

«9-1) мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдардың қызметкерлері үшін еңбекақы төлеуді қаржыландырудың бірыңғай жүйесін Республика Президентiнің келісімімен бекітеді».

66-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

8) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9) алып тасталды

66-бап (1995, 1998 жылдардағы нұсқасы қазіргімен бірдей)

66-бап (1995 жылғы нұсқада 9-тармақша болған)

9. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрт мүшесі бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;

10. 67-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: (2017 жылғы Президент нұсқасы)

«4) Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары және оның аса маңызды барлық шешiмдерi туралы Президентке және Парламент Мәжілісіне баяндайды;».

67-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

4) Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде және оның аса маңызды барлық шешiмдерi жөнiнде Президентке баяндап отырады;

67-бап (1995, 1998 жылдардағы нұсқасы қазіргімен бірдей)

11. 70-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: (2017 жылғы Президент нұсқасы)

«1. Үкімет жаңадан сайланған Республика Парламенті Мәжілісінің алдында өз өкілеттігін доғарады».

70-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

1. Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады.

Республиканың Премьер-Министрі жаңадан сайланған Парламент Мәжілісінің алдында Үкіметке сенім туралы мәселе қояды. Мәжіліс сенім білдірген жағдайда, егер Республика Президенті өзгеше шешім қабылдамаса, Үкімет өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді.

70-бап (1995, 1998 жылдардағы нұсқасы қазіргімен бірдей)

12. 72-баптың 2-тармағы мынадай редак­цияда жазылсын: (2017 жылғы Президент нұсқасы)

«2. Конституциялық Кеңес Конституцияның 44-бабының 10-1) тармақшасында көзделген жағдайларда Республика Президентінің, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды.».

72-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

2. Конституциялық Кеңес соттардың өтiнiштерiн Конституцияның 78-бабында белгiленген реттерде қарайды.

72-бап (1995, 1998 жылдардағы нұсқасы қазіргімен бірдей)

13. 79-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: (2017 жылғы Президент нұсқасы)

«3. Республика соттарының судьяларына қойылатын талаптар конституциялық заңда айқындалады».

79-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

3. Республиканың жиырма бес жасқа толған, жоғары заң бiлiмi, заң мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы бар және бiлiктiлiк емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Республика соттарының судьяларына заң бойынша қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.

79-бап (1995, 1998 жылдардағы нұсқасы қазіргімен бірдей)

14. 81-бап мынадай редакцияда жазылсын: (2017 жылғы Президент нұсқасы)

«81-бап Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық істер, жергілікті және жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда оның соттылығына жататын сот істерін қарайды және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер береді.».

81-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық, жергілікті және басқа да соттарда қаралатын өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер берiп отырады.

81-бап (1995, 1998 жылдардағы нұсқалары бірдей)

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де iстер жөнiндегi жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген iс жүргiзу нысандарында олардың қызметiн қадағалауды жүзеге асырады, сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер берiп отырады.

15. 83-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: (2017 жылғы Президент нұсқасы)

«1. Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңда белгіленген шектерде және нысандарда заңдылықтың сақталуын жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүдделерiн бiлдiредi және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады».

83-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

1. Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң, анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнiнде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi. Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген жағдайда, тәртiпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.

83-бап (1995, 1998 жылдардағы нұсқасы қазіргімен бірдей)

16. 86-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: (2017 жылғы Президент нұсқасы)

«5. Республика Президенті Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының Төрағаларымен консультациялардан кейін мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған жағдайда оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқ­татылады».

86-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

5. Мәслихаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын Республика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.

86-бап (1995, 1998 жылдардағы нұсқасы)

5. Мәслихаттың өкiлеттiгiн Сенат заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша, сондай-ақ өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатады.

17. 87-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: (2017 жылғы Президент нұсқасы)

«4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президенті қызметке тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері қызметке заңда айқындалған тәртіппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметінен босатуға хақылы.».

87-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерiн қызметке тиісінше облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының келісімімен Республика Президентi тағайындайды. Өзге әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң әкiмдерi қызметке Қазақстан Республикасының Президентi айқындаған тәртiппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы.

87-бап (1995, 1998 жылдардағы нұсқасы)

4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкiмдерiн Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды. Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкiмдерi қызметке Қазақстан Республикасының Президентi айқындаған тәртiппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президенті өзінің ұйғаруы бойынша әкімдерді қызметтерінен босатуға хақылы.

18. 91-бапта: (2017 жылғы Президент нұсқасы)

1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, басқару нысанын өзгертуге болмайды»;

2) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыру­лар, олардың осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болғанда, республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылады».

91-бап (қазіргі қолданыстағы нұсқасы)

2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң бiртұтастығын және аумақтық тұтастығын, Республиканы басқару нысанын өзгертуге болмайды.

3-тармақ болған жоқ

91-бап. (1995, 1998 жылдардағы нұсқасы қазіргімен бірдей)

***

Өздеріңіз көріп отырғандай, Нұрсұлтан Назарбаев 18 бапқа өзгерістер мен толықтырулар еңгізген. Оның біреуі Ата заңның екінші — «Адам және азамат» бөліміне тиесілі болса, екеуі үшінші – «Президент» бөліміне тиесілі. Ал төртінші – «Парламент» бөліміндегі үш бапқа өзгерістер енгізілді. Ата заңның бесінші – «Үкімет» бөліміне тиесілі 5 бапқа түзетулер жасалса, «Конституциялық кеңес» бөлімінің бір бабына, «Соттар және сот төрелігі» бөлімінің үш бабына, «жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» бөлімінің екі бабына арнайы өзгертулер мен толықтырулар жасалды.

Сонымен қатар «Қорытынды және өтпелі ережелер» бөлімінің бір бабына өзгертулер жасалып, жаңадан бір тармақ енгізілді.

Ержан Жаубай, 2017

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.