Арғымақты ардақтаған арғымақ ақын (Естелік)

5442

Aktan-005Кәкеңнің алғашқылардың бірі болып үрім-бұтағымен атажұртқа ат басын бұруы, тәуелсіз қазағым деп тебірене, егемен елім деп елжірей жазған жырлары ағамыздың ұлттық рухын айтпай танытары хақ.

Несіне жасырамыз жас ортасына келіп қалған көптеген ағаларымыз ата жұртқа келуін келсе де туған жерін, өскен ортасын сағынып, боркеміктеніп кетті, томаға-тұйық, өзімен-өзі болып қалды. Ал туадан еркөңіл, ешкімді жатсынбайтын ақжарқын ағамыз мұнда да тез сіңіскен.

Өскеменге алғаш келгенімде ақылшы болған Әлібек Қаңтарбаев ағамыз:

-Үржарда сенің бір туысқаның мықты ақын бар екен. Қоярда-қоймай үйіне шақырып, қонақ қылды. Аузын ашса жүрегі көрінетін нағыз ақкөңіл жанның өзі. Жырларын оқыды. Атқұмар адам екен. Абайдан, Ілиястан кейін жүйріктің сынын сол кісідей еш ақын жырға қоса алған жоқ шығар. Ағаның өзі ғана емес, жұбайынан бастап, бала-шағаларына дейін бір отбасы шетінен ақын,- деп ризалық сезімін білдірген еді.

Күні бүгін оралман ағайындар, олардың ортасындағы дарын таланттар туралы сөз болса, Әлекең Кәбең ағамыз бен Егеш жеңешемізді аузынан тастамай айтып отырады. Сонда ағамыздың сүйекке біткен, қанға сіңген асыл қасиеті, аңсап келген атамекеніне арнаған жырлары арқылы мұнда да ел-жұртпен еркін араласып, етене жақын адамдар тапқан екен ғой деген ой келіп, іштей марқайып қаласыз…

Ал Кәбеңді атажұртқа атбасын бұрды деп арғы беттегі ағайындар ұмытып кеткен жоқ. Өткен жылы Кәбеңнің туған ауылы Баян-нуурдағы құдаларыма барып қайттым. Нәби ақсақалдан бастап, қандас Қарақас ағайндардың шаңырақтарынан дәм татым. Сонда да Кәбең ағамыз әр үйде әңгіменің арқауы болды. Әсіресе адамгершілік қасиеттерін, атқұмарлығын, баптаған жүйрі, жорғаларын жыр қылып айтады.

-Анау басы құзар, бауырайы майсаң терең сай сіздің ағаңыз Кәптің дарасы, аға жеңгемізднің ыстық махаббатының куәсі болған жерге барып қайтпайсыз ба?- дейді Тоқсан құдам маған әзілдеп. Құдамның әзіліне, Мараның биігіндегі марқасқа ақын ағатайымның атымен аталған маңғаз шыңға көз тастап, өзінің дарасындай дара тұлғасын көз алдыма елестеттім. Әркімге бұйыра бермейтін құрмет қой деп ойлағанда көңілім тағы бір марқайып қалды.

Туған елі байтақ Моңғолын, атажұртыым деп аңсары ауған Қазақстанын, асыл жарын, Арпагердей арғымағын сүйген Кәп ағамыздың жыры мәңгілік.

Бодаухан Тоқанұлы

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.