Арғымақ мінген ардақтылар — 3 (ФОТО)

7370

Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында атқа міну мәдениеті туралы егжей-тегжейлі айтқан болатын. Оған орай біз де өзіміздің шамамызша пікір қостық. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы өз мақаласында Ұлы даланың ұлы есімдері жайлы айта келіп: «… мақсатты мемлекеттік тапсырыс ұйымдастыру арқылы қазіргі әдебиеттегі, музыка мен театр саласындағы және бейнелеу өнеріндегі ұлы ойшылдар, ақындар және ел билеген тұлғалар бейнесінің маңызды галереясын жасауды қолға алу қажет. Сондай-ақ бұл жерде классикалық қалыптан тыс, баламалы жастар өнерінің креативті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор. Осыған орай, бұл іске тек отандық қана емес, сонымен бірге, шетелдік шеберлер мен шығармашылық ұжымдарды да тартқан жөн» — деген болатынды. 

Олай болса, Елбасы мақаласында айтылғандай атқа міну мәдениетін қалыптастырған Ұлы даланың ұлы есімдерінің артында қалған тарихи бейнелерін, ат үстінде, арғымақ мінген сәттерін назарларыңызға ұсынып отырмыз, қабыл алыңыздар.

Zhambyl Zh.

Жамбыл Жабаев (1846-1945). Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.

Auezon M.

Мұхтар Омарханұлы Әуезов (1897-1961)– қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясыныңакадемигі (1946), филологияғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-ніңеңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957)

 Qaiym M.

Қайым Мұхамедханов (Ғабдулқайым) (1916-2004) ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. КСРО және Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі. (Сол жақтан бірінші тұрған Мұхтар Әуезов. Оң жақтан бірінші тұрған Қайым)

Amina OmirzaqӨмірзақова Әмина Ерғожақызы (1919-2006 ). Кеңестік және қазақстандық кино және театр актрисасы. Қазақ КСР-нің Халық артисі (1965), Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының иегері (1967).

 Boshai Kitapbaev

Бошай Кітапбаев (1923-2015) — Социалистік Еңбек Ері (1971), әйгілі атбегі, ғалым, шежіреші. (Бошайдың мінгені әйгілі үш қараның бірі — Бұланқара)

 Sherkhan M.

(Солдан оңға қарай: Медеу, Шерхан, Қайрат)

Медеу Сәрсеке (1936 жылы туған) — жазушы.

Шерхан Мұртаза (1932−2018) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).

Қайрат Жұмағалиев (1937-2013) — ақын, журналист. Беларусь Республикасының Құрмет Грамотасымен, Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Ерлік еңбегі үшін» медальдарымен

 Sarai Asqanbay

Сарай Асқанбайұлы (1931-2005) — Моңғолия қазағы. Мемлекет, қоғам қайраткері, ғалым. 1970-1986 жылдары Моңғолияның Баян-Өлгей, Бұлғын аймақтарын қатарынан 16 жыл басқарып, Моңғол елінің Орталық Партия Комитеті, Үкімет орнында жауапты қызмет атқарған. (Сол жақта бірінші тұрған Сарай Асқанбайұлы)

Ozturiktin akesi

Қабен (Қабыл) Төлеубайұлы — Мұстафа Өзтүріктің әкесі. Ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, жауырыны жерге тимеген атақты палуан болған.

Bokei ata

Бөкей ақсақал — жазушы Оралхан Бөкейдің әкесі

 Qazhytai Ilias

Қажытай Ілиясұлы (1939-2013) — ақын, этнограф, сатирик, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Nazarbaev N.

Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (1940 жыл туған) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті.

Oralkhan B.

Оралхан Бөкей (1943-1993) — жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының және Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты.

 Qonyr M.

Иштуан Қоңыр Мандоки (1944–1992) – түркітанушы венгр ғалымы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Өмірінің көбі қазақ даласында, Алматыда өткен.

Mustafa

Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман (Өзтүрік) (1954-1995) – белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, ҚР таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы.

Suragan R.

Сұраған Рахметұлы (1958 жылы Баян-Өлгейде туған) — Моңғолиядағы қазақ ақыны. Журналист. Моңғолия МәдениетінеЕңбек сіңірген қайраткері, «Алтын жұлдыз» орденінің иегері (Оң жақ шеттегі ақбоз мінген Сұраған Рахметұлы)

Altynbek Sarsenbai

Алтынбек Сәрсенбайұлы (1962-2006) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист.

Естеріңізге сала кетейік, Argymaq.kz ұлттық танымдық порталы бұған дейін де екі рет арғымақ мінген ардақтыларымызды жариялаған болатын. Ол жерде қазақ даласына, әлемге танымал қандай тұлғалардың болғаны жайлы білгіңіз келсе, мына жерге басыңыз.

Erzhan ZhaubaiЕржан Жаубай, argymaq.kz 

(Тұлғалар жайлы деректер wikipedia.org ашық дерек көзінен алынды)

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.