Алматыда Qazaq World Cup өтті

882

Алматы облысында ұшқыр бәйгеден жарыс өтті. Бәйгенің жүлде қоры 17 миллион теңге.1 мамыр – Қазақстан халықының бірлігі күні мерекесіне орай Алматы облысы Талғар ауданындағы Қоблынады батыр атындағы ипподромында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ұшқыр бәйгеден Qazaq World Cup турнирі өтті.

«Мерекеге орай Qazaq World Cup турнирінің ашылуы өтті. Бұл біздің Ұлттық спорт қауымдастығымен бірлесіп жасаған жобамыз. Ұлттық спорт пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу біз үшін өте маңызды. Алматы облысының ерекшелігі – 84 пайыз халық ауылдық мекенде тұрады. Сондықтан әр өңірде, әр ауданда ұлттық спортты насихаттау жұмысын жүргізіп жатырмыз. Шалғай аудандарда тек ұлттық спорт емес, көптеген командалық спорт түрлерін дәріптеуді бастадық. Алматы облысында 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Халық арасында өзара ынтымақтастық бар, тұрақтылық пен ұлттар арасындағы сыйластық – басты байлықтарымыздың бірі, – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Турнир ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы және Алматы облысының әкімдігі бастамасымен, сондай-ақ республикалық «Бәйге» Федерациясы және «Bayserke Agro» холдингі қолдауымен ұйымдастырылды. Жарыстың жүлде қоры 17 700 000 теңге.

Ұшқыр бәйге – 40-50 жыл емес, бұрыннан келе жатқан дәстүр. Біз мұны бір кездері жоғалтып алдық, енді қайта жанданып келе жатыр. Ұшқыр бәйгеден өзге ат жарыстарының бәрі үлгі алады. Бұл бәйгеде Халықаралық ат жарыстары ұйымдастырушылары федерациясының ережелерімен шабады, яғни классикалық жарыс. Бәйгеге қатысушылар еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ көрші Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінен келді. Жалпы осы жарыс маусымына 100-ге жуық ат иесінің 200-ден астам жүйрігі қатысады. Тағы 20 шақты жаттықтырушы бар. Бұл қазіргі сәтте тіркелген, алдағы уақытта бұл сандар өсуі мүмкін. Енді 1 мамырдан бастап салқын күз түскенге дейін 2 апта сайын осындай жарыс өтіп отырады», – деді «Kazakh jockey club» төрағасы Мақсат Ақаев.

Одан бөлек көрермендер арасында жалпы жүлде қоры 2 миллион теңгеге жуық «Ең үздік ұлттық киім», арқан тарту, қыз қуу, асық ату, қошқар көтеру сынды ойындардан жүлделі сайыстар өткізілді.

Біз Алматы облысы, Кеген ауданынан келіп отырмыз. Сіңілім – Аружан Ержан өз өнерін көрсетіп, ата-бабамыздың салт-дәстүрін жаңғырту мақсатымен қыз қууға шығып отыр. Негізі 5 жасынан атқа мініп үйренген. Қыз қууға 8-сыныптан бері қатысады, – дейді Гаухар Байжұмаева.

Сонымен жүлде алған жүйріктер:

«Жеткіншек» жүлдесінде:

1-орын. «Принц», жокейі Кирилл Сосновский.

2-орын. «Дружок», жокейі Аида Абдуллина.

3-орын. «Сардар», жокейі Александра Карпова.

«Көктем» жүлдесінде:

1-орын. «Юниана», жокейі Бақытжан Ш., бапкері Карабельников П.

2-орын. «Роузлайн», жокейі Жеңіс Д., бапкері Карабельников П.

3-орын. «Шамсия», жокейі Кожаков Х., бапкері Карабельников П.

«Көктем» жүлдесінде:

1-орын. «Шторми», жокейі Нуросилов Е., бапкері Махажанов Д.

2-орын. «Бекзада» жокейі Табылдиев Р., бапкері Махажанов Д.

3-орын. «Иссакар», жокейі Куришбек Д., бапкері Куришбек Д.

«Маусымашар»

1-орын. «Бристоль», жокейі Рысбеков А., бапкері Азимбаев М.

2-орын. «Министр», жокейі Таалайбекуулу Б., бапкері Азимбаев М.

3-орын. «Суын», жокейі Нурасилов Е., бапкері Нурасилов Е. (көрсеткіші — 1.55.47)

3-орын. «Скай Инди», жокейі Табылдиев Р., бапкері Табылдиев Н. (көрсеткіші — 1.55.47)

Ұшқыр бәйгеде:

1-орын. «Олжахан», жокейі Байкенов А., бапкері Ахмолдин Э.

2-орын. «Флетчер», жокейі Таалайбекуулу Б., бапкері Нурасилов Е.

3-орын. «Мэн оф Пис», жокейі Нурасилов Е., бапкері Нурасилов Е.

Талғат Бигелдинов атындағы бәйгеде:

1-орын. «Текко», жокейі Күрішбек Д., бапкері Күрішбек Д.

2-орын. «Шукран», жокейі Табылдиев Р., бапкері Табылдиев Н.

3-орын. «Нэйлана», жокейі Алпысбай Р., бапкері Омуралиев К.

Ақтолқын Тұрсынғазы,

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.