«АLAMAN» медиа байқауы жарияланды

Тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Ұлттық спорт қауымдастығы журналистер арасында «АLAMAN» атты халықаралық медиа байқауын жариялады.
Байқау 2023 жылғы 1 қыркүйектен 2024 жылдың 1 наурыз аралығында 6 ай бойы өткізіледі. Оған отандық журналистер, авторлар және шетелдік БАҚ өкілдері қатыса алады.
Байқау номинациялары:
- Үздік бағдарлама (телевизия, радио)
 - Үздік аналитикалық материал (дәстүрлі баспасөз: газет, журнал)
 - Үздік танымдық материал (интернет, БАҚ)
 - Үздік сұхбат (YouTube арна)
 - Үздік фотосурет (БАҚ, әлеуметтік желі)
 - Шетелдік БАҚ-та жарияланған үздік материал (қазақтың ұлттық спорты туралы)
 - Әлеуметтік желідегі үздік материал (блогинг, мобилография)
 
Әр номинация бойынша үш үздік авторға ақшалай сыйлық беріледі:
1 орынға – 1 000 000 теңге;
2 орынға – 700 000 теңге;
3 орынға – 500 000 теңге.
Байқаудың жеңімпаздары 2024 жылдың наурыз айында марапатталады.
Байқаудың мақсаты – ұлттық спорт түрлерінің насихатын күшейту, осы саладағы журналистер, БАҚ өкілдері және авторларды кәсіби тұрғыдан бағалап, ең үздіктерін анықтау.
Басқа да ақпараттарды ұйымдастыру комитеті немесе мына сайт арқылы білуге болады: http://alaman.ultsport.kz/.
Байланыс нөмірі: Бибігүл +7 775 332 08 00.
                			
                                        			




[…] Естеріңізде болса, Ұлттық спорт қауымдастығы бұған дейін журналистер арасында «Аламан» байқауын жариялаған болатын. […]