«Қымыз – 2015» Үшінші Халықаралық форумы өтеді

4207

4 желтоқсан 2015 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде (бұдан әрі – ҚазАТУ) «Қымыз – 2015» атты Үшінші Халықаралық форум өткізіледі.
Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл, Мажарстан елшілігінің екінші хатшысы, экономика жөніндегі атташе Нандор Картеси, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел, «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығының төрайымы Шолпан Сыздықова қатысады.
«Қымыз – 2015» Үшінші Халықаралық форумына Қазақстан Республикасының мемлекеттік және беймемлекеттік ұйымдары, шетелдік елшіліктердің, халықаралық ұйымдардың, ғылыми ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сонымен бірге жылқы өсірушілер мен ұлттық қымыз өнімін өндірушілер шақырылған.
Форумның басты мақсаты – елімізде және шетелде қазақ халқының ұлттық «Қымыз» тағамын әйгілеудің бастамаларын қолдау, ұлттық құндылықтар мен игіліктерді насихаттау арқылы жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, жаһандануға көпұлтты, адами, табиғи және адамгершілік көрінісін беру болып табылады.
Дәстүр бойынша бұл халықаралық форумдарда жылқы өсіруді дамыту, «Қымыздың» қазақ ұлттық рецепті бойынша өнеркәсіптік өндіріс мәселелері, жылқы шаруашылығының басқа да өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату және тұтыну тәрізді өзекті мәселелері қарастырылады.

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің
Баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.