Жылқыға қатысты мақал-мәтелдер

22501

Арпасыз дорбаға ат та жақындамайды.

Ер астында ат өлер,
Қайғы астында ер өлер.

Жылқыға – арпа,
Жігітке – сорпа.

Көтерем ат құйыршығын да ауырсынар

Мың атың барда еңіске түс,
Бір атың барда өрде аяқ арт.

Шабанға мініп жылағанша,
Асаға мініп құла.

Атты қасқыр жарса да,
Арбамыз аман қалды.

Атты жарау дегенше,
Иесін қарау де.

Не жемді ая,
Не жиренді ая.

Жемді көрсе, аузын ашқан ат,
Жүгенді көрсе, қашқан ат.

Жабысы жоқ жорғаны көксейді,
Лашығы жоқ орданы көксейді.

Атқа арпа салсаң артынан жүрме.

Аттың атын шығаратын төрт тұяғы,
Адамның атын шығаратын тілі мен жағы.

Ешкі малдың ептісі,
Жылқы малдың тектісі.

Аға өлсе — жеңге мұра, ат өлсе — сауыр

Ат шапқанда, ер сасқанда көрінеді

Жақсы аттың терісі,
Қайыс болар, көн болмас.
Жақсы адамнын баласы,
Ғаріп болар, құл болмас.

Берместің үйінде бесті қымыз да жоқ

Саумал ішсең – қымыз жоқ,
Бие мінсең – құлын жоқ

Ат өлімі — итке той

Жаумен алысқанда атың жаман болса — өлгенің,
Атың жақсы болса – жеңгенің

Ат бейбіт күнде – көлік,
Қиын күнде – серік

Ат пысқырса – арам

Күйеу атымен күл тасы

Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме

Адам сөйлескенше, жылқы кісінескенше

Ердің құны – жүз жылқы, ары – мың жылқы

Ант ұрмай, ат жығылмас

Ат сатсаң, ауылыңмен ақылдас

Атсыздың атасы құнсыз кетеді

Ат жүйрігі – асқа, тіл жүйрігі – басқа

Атының сыры иесіне мәлім

Байсалды айғыр үйірін ат жақтайды

Жақсы атқа бір қамшы, жаман атқа мың қамшы

Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас,
Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас

Ат айналып қазығын табар,
Су айналып жазығын табар

Ит қаппас деме, ат теппес деме

Тістейтін жылқы тісін көрсетпейді

Жапалақ сипағанмен сұңқар болмас,
Жабыны мақтағанмен тұлпар болмас

Арғымақ аттың баласы, аз оттап, көп жусайды,
Асыл ердің баласы, аз сөйлеп, көп тыңдайды

Жүйрік ат аяғынан қалады

Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар

Тұлпардың өз тұяғы өзіне ем

Шабан ат – өршіл, жаман адам – төршіл

Ат болатын құлынның, бауыры жазық келер,
Адам болар баланың, маңдайы жазық келер

Ат шаба ма, бақ шаба ма, бап шаба ма

Ат болар тай саяққа үйір,
Адам болар бала қонаққа үйір

Атты қамшымен айдама, жеммен айда

Сыйға берген аттың тісіне қарама

Айғырды неден салсаң,
Атты содан мінерсің

Жылқы жануар жығылған иесіне жалын төсейді

Ер серігі –ат, қарт серігі – ас

Жорға мінгенмен жолдас болма

Аттыға еріп жаяудың таңы айырылар

Тұлпар түбін табады,

Тұлпардың ізі бітпейді, тұяғы кетпейді

Алты тұтам ат қамшы, жеті тұтам жері қамшы

Астындағы атын алты ай іздеген

Жаяудың аты-шарық, күші – азық

Жайылымның жақсысын жылқы мен құлан білер

Сары май жақсы татуға,
Сары ат жақсы сатуға.

Өзбектің кигенін ал,
Қазақтың міңгенін ал.

Ерге лайық ат бітеді,
Қызға лайық сән бітеді

Азамат таңдап дос жидым, туған бола алмады.
Арғымақ таңдап ат жидым, будан бола алмады.

Алты күн аш қалсаң да атыңды сайла

Бестімде бәйгеге қос, келмесем басымды кес

Мінсең бесті мін, аянбай ат басады

Ат болатын құлынның мүшесінен белгілі

Жазда қымыз ішіп, қыста қазы-қарта жемеген адамнан ақыл сұрама

Қубас айғыр құнанын қажылайды

Балаң жасық болса, жылқы бақсын
Балаң тентек болса, қой бақсын

Сарыала қамшыға сайтан жоламайды

Жылқы жүрген жерде жын-шайтан болмайды

Көкпар тарқандікі, қоян қаққандікі

Жылқы сәндік үшін, түйе байлық үшін

Ер мұрынды, ат ерінді болсын

Құрастырған Жаубай Ержан
(Басы мына жердеЖалғасы бар)

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.