Аударыспақтан облыс әкімінің кубогы Сырым Ізбасаровқа бұйырды

Syrym I

Ақпанның 8-10 күндері Шымкент қаласында Түркістан облысы әкімінің Кубогы үшін республикалық турнир өтті.

Түркістан облысы әкімінің Кубогын 7 облыстан қатысқан 70-ке жуық спортшы сарапқа салды.  Балуандар 60, 70, 80, 90, + 90 және абсолютті салмақта күш сынасты. Жарыстың ұйымдастырушылары –  ҚР «Аударыспақ» федерациясы мен Түркістан облыстық ұлттық спорт мектебі. Өткізілген жері –  Шымкент қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер ұлттық спорт мектебінің жабық манежі.

Еске салып өтсек, ересектер арасында өткен Түркістан облысы әкімінің Кубогы аударыспақ спорты бойынша елімізде екінші мәрте ұйымдастырылған  елішілік ірі жарыс. Алғаш рет облыс әкімінің Кубогы ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы «Аударыспақ» федерациясының ұйымдастыруымен   2018 жылдың қараша айында Ақтөбеде өткізілген болатын. Ақтөбе облыс әкімі тіккен тұңғыш Кубокты  2018 жылғы Азияның абсолютті салмақтағы чемпионы, ақтөбелік Арман Сағынбаев  иеленген еді.

Ал, Түркістан облысы әкімінің кубогын 2016 жылғы Азия чемпионатының абсолютті салмақтағы чемпионы, 90 келі салмақта екі дүркін Азия жеңімпазы атанған Сырым Ізбасаров иеленді.

Түркістан облысы әкімі Кубогының  жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

(60 келі)

1 орын – Ринат Смағұл (Ақтөбе облысы)

2 орын – Жасұлан Қожақұл (Жамбыл облысы)

3 орын – Ермек Құралбай  (Түркістан облысы)

(70 келі)

1 орын – Дарын Өткелбай (Түркістан облысы)

2 орын – Әбдінасыриддин Файзуллаев (Қызылорда облысы)

3 орын – Бақдәулет Серікжан (Алматы облысы)

(80 келі)

1 орын – Жасұлан Айтбай (Түркістан облысы)

2 орын – Данияр Мейрамбек (Ақтөбе облысы)

3 орын – Нұрдәулет Ағабек (Түркістан облысы)

(90 келі)

1 орын – Есімхан Рахматілла (Түркістан облысы)

2 орын – Нұржігіт Әмзеев (Жамбыл облысы)

3 орын – Алтай Сүйебаев (Ақтөбе облысы)

(+ 90 келі)

1 орын – Біржан   Қосалиев (Түркістан облысы)

2 орын – Сырым Ізбасаров (Түркістан облысы)

3 орын – Ербұлан Бекбосынов (Түркістан облысы)

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>