Зайсанда өткен 130 шақырымдық бәйгеде “Тарпаң” топ жарды (ФОТО)

Tarpan1

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында 130 шақырымдық аламан бәйге өтті. Бәйгеге қосылған 40 аттың 5-і ғана мәре сызығын кесіп өтті.

Таңда басталған аламан түс ауа қыза түскен. Үкілеп әкелген 40 аттың барлығы мәреге жетпейтіні орта жолда белгілі болған. Бір ат аяғын інге тығып алса, бірінің сырғасы тайып, бірнеше ат жарысты ерте аяқтады.

Бәйгені көзімен көргендердің айтуына қарағанда екі жүйрік жолда өлген.

“Осындай аламан бәйге өтетінін естіп Өскеменнен бір күн бұрын жеткенбіз. Аттар таңғы сағат 7.45-те жолға шықты. 130 шақырым деген аз емес. Көктем- жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы. Оның үстіне жер де әлі жібіп біткен жоқ. Жүйріктерге нағыз сынақ болайын деп тұр. Үстіндегі шабандозға де оңай емес. Әзірге алдыңғы топ желіспен бастады. Орташа жылдамдық -25 км/ сағат, -  дейді Мырзабек Төкен есімді атқұмар азамат ҚазАқпарат тілшісіне сұқбат берген кезде.

Жылдамдықтан гөрі төзімділік сынға түскен бәйгеде алдыңғы үш орынды Катонқарағай ауданының үш аты иемденіп кетті. Үш аттың иелері бөлек адамдар екенін айта кету керек.

Мәре сызығын бірінші болып кескен -  Ерболат Тоқсановтың «Тарпаң» атты тұлпары.

Аттар таңғы сағат 7.47-де жарыс жолына шыққан болатын. «Тарпаң»  130 шақырымды 6 сағат 38 минутта жүріп өтіп, иесіне 1 млн теңгенің жүлдесін сыйлады.

Жүлделі төртінші орынды Аягөз ауданының жүйрігі иеленсе, 5-орынды Зайсан ауданының жүйрігі алды.

«Бұл ат бұрын-соңды бәйгеге түспеген. Жылқы ішінде бос жүрген мал еді. Әкесі жағынан да, шешесі жағынан да жартылай асыл тұқымды деуге болады. Шабандозы – Сергей Рыбин деген жұмысшым. 15 жасынан бері менің жанымда мал бағып, ат баптап келеді. Қазір жасы 28-де. Осы «Тарпаңды» бәйгеге дайындаған да өзі. Таңдауы теріс болмаған сияқты. Атымыз мәреге аман жеткеніне қуаныштымыз», – дейді ат иесі Ерболат Тоқсанов.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>