Жастар чемпионаты. «Әулие-ата» топ жарды

3111

Көкпардан, Аударыспақтан, Теңге ілуден ХІІІ рет, Жамбы атудан V рет ұйымдастырылған Жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты аяқталды.  Бір апта бойы Сыр өңірін дүбірлеткен айтулы жарыстың соңғы  бәсекесі жас көкпаршылар арасында өтті. 

Жартылай финалдық кездесуде Қызылорда облысы мен Алматы  облысы командалардың ойыны 2:7 есебімен аяқталып, Алматы облысы финалға жолдама алған болатын. Сондай-ақ, Түркістан облысы мен Жамбыл облысының командалары арасындағы ойын 3:4 есебімен аяқталды. Сөйтіп, «Әулие-ата» командасы финалға шықты.

Сонымен Жастар чемпионатының финалдық бәсекесінің қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орынды сарапқа салған Қызылорда мен Түркістан облысы командаларының кездесуі 5:10 есебімен тәмамдалды. Түркістандық көкпаршылар басым түсті.

Ал, бас жүлде үшін өткен Жамбыл облысы мен Алматы облысының арасындағы ойында, тараздық өрендер айқын басымдылықпен ұтып шықты. Есеп – 13:6.

Көкпардан Жастар арасындағы ҚР ХІІІ чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

1-орын – «Әулие-ата» командасы  (Жамбыл облысы)

2-орын – «Алатау» командасы (Алматы облысы)

3-орын – «Құлагер» командасы (Түркістан облысы)

3-орын – «Сыр бойы» командасы (Қызылорда облысы)

 Жамбы атудан Жастар арасындағы ҚР V чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

1-орын – Жақсыбек Бекзат (Түркістан облысы)

2-орын – Бабажан Бақдәулет  (Жамбыл облысы)

3-орын – Сарыбай Айтбек  (Түркістан облысы)

3-орын – Өміртай Ғалымжан (Қызылорда облысы)

 Теңге ілуден Жастар арасындағы ҚР ХІІІ чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

1-орын – Ізжанов Ғалымжан (Түркістан облысы)

2-орын – Елжанов Нұрхан  (Ақтөбе  облысы)

3-орын – Қомбаров Рахат  (Түркістан облысы)

3-орын – Серіков Бекнұр (Батыс Қазақстан облысы)

 Аударыспақтан Жастар арасындағы ҚР ХІІІ чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

50 келі салмақта

1-орын – Аманжол Нұрбек  (Қарағанды облысы )

2-орын – Айдарбеков Қазыбай  (Маңғыстау облысы)

3-орын – Мағжанов Жасұлан  (Солтүстік Қазақстан облысы)

3-орын – Жангелді Нұрдәулет  (Ақтөбе облысы)

60 келі салмақта

1-орын – Құралбай Ермек  (Түркістан облысы)

2-орын – Смағұл Ринат  (Ақтөбе облысы)

3-орын – Өтеген Нұрғиса  (Қызылорда облысы)

3-орын – Сапанов  Мадияр  (Солтүстік Қазақстан облысы )

70 келі салмақта

1-орын – Имамғазыұлы Нармағанбет (Батыс Қазақстан облысы )

2-орын – Өткелбай Дарын (Түркістан облысы)

3-орын – Елекпай Нариман (Алматы облысы)

3-орын – Бимағанбетов Мейірбек (Солтүстік Қазақстан облысы )

80 келі салмақта

1-орын – Ағабек Ғабит  (Түркістан облысы)

2-орын – Есенғалин Аслан  (Ақтөбе облысы)

3-орын – Мұрат Ағжан  (Павлодар облысы)

3-орын – Босов Нарбота (Солтүстік Қазақстан облысы )

+ 80 келі салмақта

1-орын – Жаналин Әділжан   (Ақтөбе облысы)

2-орын – Мұратұлы Тұрар   (Алматы қаласы)

3-орын – Қосымбек Аятбек    (Түркістан облысы)

3-орын – Сүндетов Асланбек  (Жамбыл облысы )

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!