Арқа тойында “Ақмоншақ” пәтер ұтты

4fd9-bef6-

14 қыркүйек күні Арқа даласын дүбірлеткен айтулы той өтті. Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы, Жаңаарқа ауданының 90 жылдық мерейтойында өткен аламан бәйге және топ бәйгеде 80-нен астам сәйгүлік сынға түсті.

Әуелі 18 шақырымға созылған топ бәйгенің жеңімпаздарымен таныстырайық.

zhauynger

28 жүйрік бақ сынаған топ бәйгеде топ жарған “Жауынгер” есімді жүйрік болды. Ат иесі – Нұр-сұлтандық Нұрдаулет Мирас. Бас жүлдеге тігілген Ниссан Террано автокөлігі атбегінің тақымында жүйткіді.

2-орын – “Қарабай”. Ат иесі – Жұмаділ Балауса. Талдықорған. (Мотоцикл)
3-орын – “Арман”. Ат иесі – Жұмағазы Жәнібек. Семей қаласы. (200 000 тг)
4-орын – “Найза күрең”. Ат иесі – Беков Айдар. Жаңаарқа ауданы. (150 000 тг)
5-орын: ат өткен жоқ

Топ бәйгеден кейін бәйге алаңын нағыз саңлақтар, шашасына шаң жұқпас жүйріктер дүбірлетті. 30 шақырым қашықтықта бақ сынаған 55 атЖаңаарқаның жазирасында намыс үшін жан таласты.

Осы орайда, бұған дейін сирек тігілетін бәйге – бас жүлдеге пәтер берілгенін айта кету керек. Иә, жаңаарқалықтар аламанда ат оздырған бапкерге Нұр-Сұлтан қаласынан бір бөлмелі пәтер берді. Мұндай қомақты жүлде үшін ат терін аямай, түн ұйқысын бөліп, күндіз күлкісін қиып ат баптайтындар аз емес. Дегенмен, бәйгедегі басты мақсат жүлде үшін жүгіру емес екенін де айта кеткен ләзім. Олай болмаса қазақ халқы “бап шаппайды, бақ шабады” деген сөзді айтпас еді.

aqmonshaq

Сонымен, аламанда жүлдегер атанған жүйріктермен таныс болыңыздар:

1-орын – “Ақмоншақ”. Ат иесі – Қозыбаев Мұрат. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы. (Нұр-Сұлтан қаласынан 1 бөлмелі пәтер)
2-орын – “Ботақара”. Ат иесі – Елеусіз Ғалым. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы. (Автокөлік – Лада Гранта)
3-орын – “Танчик”. Ат иесі – Ибкеев Жаралла. Қарағанды облысы, Шахан кенті. (Мотоцикл)
4-орын – “Шұғыла”. Ат иесі – Мусин Бауыржан. Қарағанды облысы, Бұқар Жырау ауданы, Үштөбе ауылы. (200 000 тг)
5-орын – “Күрең төбел”. Ат иесі – Мауытов Айтжан. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, 56 рзд (150 000 тг)
6-орын – “Құралай”. Ат иесі – Қабдиев Жанұзақ. Қарағанды облысы, Шет ауданы, Еркіндік ауылы. (100 00тг)

abd6ebe

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығы, Жаңаарқа ауданының 90 жылдық мерейтойына орай өткізілген ат жарысында Бас төреші- Республикалық дәрежедегі төреші, 2017 жыл- Қазақстан Республикасы Президент кубогінің, 2017 жыл- ЕХРО-2017 кубогінің иегері,  2019 жыл- “Алтын тай” республикалық бәйгесінің жеңімпазы, атбегі Жәкеш Ербол Тұрсынұлы.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жаңаарқада қымыз пісу дәстүрі Гиннестің рекордтар кітабына енгені жайлы жазған болатынбыз.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>