Ұшқыр бәйгеге ат қосатындардың назарына!

ushqyr

Алматы ипподромында 2020 жылы ұшқыр бәйгеден маусымдық сайыстарға қатысушыларға және Қазақстанда бәйге аттарын (ұшқыр) дұрыс  ат тіркеу туралы хабарлама таратты.

Жүлде қоры бюджет есебінен қалыптасатын ұшқыр бәйгеде Қазақастан Республикасына заңды түрде әкелінген және дұрыс тіркеуден өткен жүйріктер ғана жіберіледі.

Бұл не деген сөз?

1. Жылқының лақап аты оның асыл тұқымды екенін анықтайтын кітапшада жазылуы керек.

Мысалы, егер жылқы Францияда туылса, тек француз асыл тұқымды кітабында (France Galopp) оған лақап бере алады. Ол үшін сіз тиісті өтінімді толтырып, оны ҚР асыл тұқымды кітап палатасына жібересіз. Біз (Қазақстан Республикасы зауыттық жылқылар тұқымы палатасы) оны Францияға жібереміз, сіз Францияға қажетті соманы төлейсіз.

Кейде, иелері жылқының құжатына өздері лақап ат жазып қояды. Бұл дұрыс емес, бұл туралы бізге жазбаша Халықаралық Комитет көрсетті. Мұндай жағдайларда жылқы ат жарысына қатыса алмайды. Ипподром.ру сайтына тіркелмеген лақап есімді жүйріктер бәйгеге қатысатын болса, біз шағымданамыз.

ҚР Асыл тұқым кітабы палатысы наразылықтарды бөлу мақсатында, белгіленген тәртіпке сәйкес лақап аттарды ресімдемеген ат иелерінің деректері Еуропа мен АҚШ аукциондары арқылы сатып алудан шеттетілу ұсынысымен халықаралық Комитетке берілетін болады.

2. Еуропалық асыл тұқымды жылқылардың есімдері үшін ақы төлеуден бұрын, біздің палатамен хабарласып, атқа есім беруге өтінім формасын толтыруыңызды сұраймыз.

Мысалы, жақында Англияның асыл тұқымды жылқылар палатасынан хат келді. Ол жерде біреу, “ЖЕЛАЯҚ” лақап аты үшін ақы төлеп тастағаны туралы жазылған. Олар бізге “біз СІЗДЕРГЕ лақап есім үшін төлер алдында, жылқының лақап аты бойынша өтінімді толтыру қажет екенін ескертіп отырмаймыз” деп кінәлап отыр. Яғни, біздегі өтінімді толтырған соң ғана төлем жасау керек.

ҚР Асыл тұқымды кітабы әрқашан ҚР-ның әрбір ат иесіне көмектесуге және барлық құжаттарды тез және дұрыс ресімдеуге тырысады. Мұндай мәселені бірге шешуге шақырамыз. Бұл ҚР асыл тұқымды кітабының беделіне ғана емес, жалпы ҚР -ның атбегілерінің имиджіне де әсер етеді.

Оның үстіне, барлық құжат алмасу өтініш берушілерге тікелей емес, асыл тұқымды жылқылар палатасы арқылы жүргізіліп отырады. Иесінің деректерін жылқының асыл тұқымды паспортына енгізу барлық жерде міндетті норма екенін естеріңізге саламыз.

Бұл IFHA стандарты, жылқыны иелену мүмкіндігінің кепілі, сонымен қатар ҚР заңнамасының талабы.

Сондықтан сіздің барлық жылқыңызды иесінің паспортына енгізуге өтінім беруді сұраймыз.

2020 жылы бәйгелерде жүлде тек паспортта жазылған иесіне ғана төленеді.

Егер жылқы заңды тұлғаға (ЖШС, ШҚ, ЖК) ресімделсе, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлікті ұсыну қажет.

Егер иелері заңды және жеке тұлғалар болып, оның ішінде hippodrom.ru көрсетілген болса, біз шағымданамыз.

Палата инспекторының телефоны+ 7 707 421 2244.

argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>