“Мес боп кетті ғой!”

3389

Көкбай ақын итжеккенге айдалғалы тұрғанда, Абай бұрын танымаса да кепілдік беріп, арашалап қалады. Содан кейін, екеуінің достығы 25 жылға жуық, яғни, Абайдың өмірінің соңына дейін ұласады. Бірде Абай Көкбайға “Абылайхан мен Кенесарының қазаққа жасаған жақсылығын жырлап кел” деп тапсырады.

Көкбай 10 күнге мұрсат алып үйіне келеді де, 6 күн бойы жатпай-тұрмай өлең жазады. Біткесін, Абайдың үйіне жетеді. Есіктен кірген бойда Абай амандық-саулық сұраспастан: “Абылай келді ме?” депті. Көкбай да тымағы мен сырт киімін шешпестен отыра қалып, “Абылайды” жырлай жөнеледі. Бұл арада екі рет кірген самауыр шай ішілмей, суып, кері кетеді. Ары қарай Көкбайдың өзіне кезек берейік: “Үшінші самауыр келгенде Абылай менен Кенесарының жорығын аяқтап болып, енді Наурызбайға көшіп едім. Бұған келгенде “Енеңді ұрайын жаман ұры! Ханның уағында осылай алып еді. Енді шайыңды іш” деді. Осы өлеңдердің ішінде Наурызбайға Меркенің бегі берген ақ ауыз аттың тұлғасын сипаттап едім, ол атты менің сөзіммен сынады да: “мұның шыға шауып, сосын жайылып қалатын ат болыпты” деп, сол күндерде Ақауыз атты жазамын деп “Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ” деген белгілі өлеңін шығарды. Басында мұны “Ақауыз аттың сипаты” деп айтқан соң, мен “Абылай жырына кіргізейін бе?” деп сұрап едім: “Бұл шіркін де мес боп кетті ғой!” деп жақтырмады”.

Тоқтар Жақаштың фейзбук парақшасынан

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!