«ЭКСПО кубогі» құнан бәйге: Дроннан ұшқыр «Доран»

6400

Астанада айтулы аламан болды. Бәйгенің 7 түрінен Елбасы жүлдесіне арналған «ЭКСПО кубогі» сарапқа салынды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей. Жүзден жүйрік шыққан саңлақтарға бағалы сыйлықтар берілді.

Жарыс бағдарламасы бойынша аламан бәйге – 25 шақырым, топ бәйге – 15 шақырым, жорға жарысы – 7 шақырым, құнан бәйге – 7 шақырымға созылды. Ал дыз етпе, ұшқырлар екі топқа бөлініп, 2400 және 1800 метрге шапты. Ұлттық ойын түрлері аламан бәйге, топ бәйге, жорға аттар жарысы, құнан бәйге бойынша жүлде қоры – 36 млн теңгені құрады. Ал, ұшқыр аттар жарысында берілген сыйақы қоры – 63,6 млн теңге. Сома жүлдегерлер арасында 5-ші орынға дейін берілді.

Шараның ұйымдастырушылары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы», Астана Әкімдігі, Алматы облысының әкімдігі және «Қазақстанның бәйге түрлері қоғамы». Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Бұған дейін бәйгенің шымылдығын ашқан 2400 метрлік ұшқыр бәйге мен 25 шақырымға шапқан аламан бәйгенің  және жорға жарысының жүлдегерлерін жариялаған болатынбыз. Енді назарларыңызға 35 құнан бақ сынаған «Құнан «әйгені» ұсынбақпыз.

Сонымен 7 шақырымға созылған құнан шаптырымда Алматы облысынан келген Асхат Әлімжанның тақымындағы «Доран» атты торы құнан топ жарды. Иесі А.Жұмабеков, бапкері – Н.Ноқатай. Бірінші орын жүлдесі 3 млн теңге және «ЭКСПО кубогы».

ІІ орын: Жамбыл облысынан келген «Спортик» атты құнан. Шабандозы – Ахат Бақкелді, жүйріктің иесі де, бапкері де Е.Жаппасов. Жүлдесі – 1,5 млн теңге.

ІІІ орын: Астана қаласының «Мажор» атты құнаны. Диас Серғазиев тақымдаған «Мажордың» қанжығасына 1 млн теңге байланды. Құнанның иесі – Н.Оразбаев, ал бапкері – С.Юрский.

Бәйгеге шапқан 35 құнанның бесеуіне жүлде берілді. Сонымен төртінші орынға тұрақтаған Алматы облысынан келген Ибрагим Бөбекбай мінген «Азия» атты жирен құнан болды. Қанжығасында 500 мың теңге жүлдесі бар құнанның иесі — Ә.Назарбаев, ал бапкері – М.Доспергенов.

Бесінші келген Ербұлан Тілеуғалиұлының тақымында тулаған «Нектар» атты торы құнан. Жұмағазы әулетіне тиесілі бұл құнанды баптаған Т.Асылханов. «Нектардың» қанжығасына 300 мың теңге байланды.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!