«Алтын тұғыр-2017» иегерлерін анықтайтын күн белгілі болды

4420

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен  биыл бесінші мәрте өткізілетін «Алтын Тұғыр» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі 8 желтоқсан күні өтеді.

Ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеруді мақсат тұтқан осы дәстүрлі марапаттаудың басталуына санаулы ғана күндер қалды.  Жастарымызды ерлікке, батылдыққа, ептілікке, өжеттікке, жүректілікке тәрбиелейтін, рухын шыңдайтын Ұлттық спорт бәсекелерінде ел намысын асқақтатып жүрген азаматтарымыздың есімін ардақтайтын  думанды сәт үстінде елімізге танымал әнші-ақындар сахна төрінде өнер көрсетеді.

«Алтын Тұғыр-2017» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау 8 желтоқсан күні Астанадағы «Қазмедиа» ғимаратының концерт залында өткізіледі. Басталуы сағат 19-00-де.  Келем деушілерге есік ашық.

Сонымен қатар, бүгін Астанада ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының ұйытқы болуымен қазақ тілінде қызмет көрсететін сайттар арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталған болатын. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының – ulttyqsport.kz сайты «Үздік спорттық» сайт аталымы бойынша марапатталды.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!