Отандық ғалымдар жабы тұқымын селекциялауда жаңа жетістікке жетті

7401

Отандық ауыл шаруашылығы ғылымы сонның ішінде жылқы шаруашылығы саласының ғалымдары қазақтың жабы жылқы тұқымы негізінде селекциялық жетістікке жетті. Ғалымдар ЕурАзЭҚ аясында ЖШС «Қазақ мал шаруашылығы және азық өндірісі» ҒЗИ және Ресей Ауыл шарушылығы минстрлігі, К.А.Тимирязев атындағы Мемлекеттік аграрлық университеті мен ынтымақтастық шеңберінде «Асылдандыру процессіне қазақтың жабы жылқыларын сұрыптау тәсілі» өнертабысына патент алды.
patentРесей Федерациясынан алынған бұл жетістік биотехнология саласы бойынша жасалды.

Қазіргі кезде осы негіз бойынша өсірілген 400 бас жылқы Павлодар облысында бағымда тұр.

Аталған өнертабыс Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніне қызығушылық тудырады, себебі асыл тұқымды жылқы дәстүрлі негіздегі әдіспен өсірілетін жылқымен салыстырғанда 1,4 есе артқандығы болжанады.

Патент авторлары: а/ш.ғ.докторы Әмин Әкімбеков (Қазақстан), ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Дастанбек Баймұханов (Қазақстан), а/ш.ғ.кандидаты,доцент Қайрат Исхан (Қазақстан) және ресейлік а/ш.ғ.докторы Юсупжан Юлдашбаев.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!