Азия чемпионаты. Қазақстан спортшыларында үш алтын бар

2607

Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауданындағы «Байсерке» атшабарында өтіп жатқан Жастар арасындағы І Азия чемпионатында Аударыспақ бойынша чемпиондар анықталды.Бес күннен бері Алатаудың бөктерін дүбірге толтырған айтулы чемпионаттың аяқталуына санаулы ғана күн қалды.

Бүгін 5 салмақ дәрежесі бойынша (50 кг, 60 кг, 70 кг, 80 кг, 80+ кг) 8 мемлекеттен келген 27 спортшы өзара мықтыны анықтады.

5 салмақта сынға түскендіктен, әр елден 5 спортшыдан қатысуы тиіс еді. Дегенмен, әр ел өз мүмкіндігіне орай ойыншы әкелді.

Сонымен, Қазақстан – 5, Моңғолия – 5, Ресей – 5, Қытай – 3, Өзбекстан – 3, Ауғаныстан – 3, Тәжікстан – 2, Венгрия – 1 спортшыдан сайысқа қатыстырды.

Алатаудың аңғарын алапат айқасқа айналдырған, құрыш білек жастардың сайысында әр салмақ бойынша мықтылар да анықталды.

50 кг:

1-орын: Аманжол Нұрбек (Қазақстан, 15.02.2000)

2-орын: Карими Масоуд (Ауғанстан)

3-орын: Акчалов Миржан (Ресей, 25.10.1997)

60 кг:

1-орын: Құралбай Ермек (Қазақстан, 03.11.2000)

2-орын: Мағай Айтхабыл (Моңғолия, 13.06.1995)

3-орын: Ансари Абдулжалил (Ауғанстан, 25.08.2002)

70 кг:

1-орын: Иманғазыұлы Нармағанбет (Қазақстан, 14.08.1999)

2-орын: Солиев Мирзохид (Өзбекстан, 24.02.1994)

3-орын: Сафари Нуртаза (Ауғанстан, 06.09.1999)

80 кг:

1-орын: Ағабек Ғабит (Қазақстан, 09.06. 2001)

2-орын: Кувондиков Суннатилла (Өзбекстан, 18.02.2002)

3-орын: Елік Өмірбек (Моңғолия, 08.03.1991)

80+ кг:

1-орын: Серік Жеңісбек (Моңғолия, 24.06.1994)

2-орын: Эгембердиев Сирогиддин (Тәжікстан)

3-орын: Жаналин Әділжан (Қазақстан, 12.11. 1999)

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ертең өтеді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!