Павлодарда өткен жаппай көкпарда Нұрдәулет Момынов автокөлік ұтты (ФОТО)
9 мамыр Жеңс күні қарсаңында Павлодар қаласының орталық ипподромында жаппай көкпардан сайыс өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 70-ке жуық құрыш білек, тас тақым палуандар 1 млн теңге, 1 автокөлік үшін көк серкені көкке атты.
Жеңістің 74 жылдығына арналған жаппай көкпарда 25-ке жуық салым болды. Ал бас жүлдеге тігілген автокөлік Тараздан келген додапаз, Қазақстанның 9 дүркін чемпионы Нұрдәулет Момыновқа бұйырды.
(Фото: Дулат)